• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

«Отбасы – руханияттың алтын бесігі»

Кітапханамыздың оқу залы мен мерзімді басылымдар бөлімі ұйымдастыруымен отбасы күніне орай «Отбасы – руханияттың алтын бесігі» атты рухани-танымдық шара өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-анаға деген құрметті арттыру, ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрдің отбасындағы маңызын түсіндіру, жас ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке және отбасылық жауапкершілікке тәрбиелеу.

Шараға  арнайы қонақ ретінде «Құтты білік» орталығының ұйымдастырушысы, «Отбасы хрестоматиясы» кітаптар сериясын насихаттаушы Мәулен Мақсотұлы қатысты. Қонағымыз «Отбасы хрестоматиясы» жобасы аясында жарық көрген еңбектерге тоқталып, ұлттық психология мен дәстүрлі тәрбиенің заманауи отбасындағы маңызын тереңнен түсіндірді.

«Отбасы – руханияттың алтын бесігі» атты рухани-танымдық шара қатысушыларға рухани азық сыйлап, отбасылық құндылықтарды ұлықтауда үлкен әсер қалдырды. Кеш соңында қатысушылар ұйымдастырушылар мен шара қонағына ризашылықтарын білдірді.

https://www.instagram.com/mangystau_kitapkhana/reel/DdJBOwnImWP/




Техникалық әдебиеттер бөліміне қыркүйек айының 15 жұлдызы күні N 25 мектептің ...

Жаңалыққа өту  

14 қыркүйекте  "Мейірбике" жоғары медициналық колледжінің  мәжіліс залында ...

Жаңалыққа өту  

16 қыркүйек күні  облыстық кітапханасында ақын, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби ...

Жаңалыққа өту  

Облысымызда отбасы күніне орай кимешек киген аналар шеруі ұйымдастырылып, ...

Жаңалыққа өту  

7 қыркүйек күні облыстық кітапханасының өнер бөлімінде Қазақстандық және ...

Жаңалыққа өту  

Елiне асығып, туған жерiнiң топырағын иiскеу бақытына ие бола алмай жүрген ...

Жаңалыққа өту  

 22 шілде күні облыстық кітапханасының Өлкетану залында "Өзі батыр әрі би Бабық ...

Жаңалыққа өту  

18-19 шілде күндері облыстық кітапханада "ҚИССА сүл-әнбия", "Бейсен және болмыс" ...

Жаңалыққа өту  

" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН". Бүгін Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау ...

Жаңалыққа өту  

Жақында кітапхана қорынан ала аласыздар! ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу