«Мұнаралы, жыр аралы - Маңғыстау»
7 желтоқсан күні “Достық“ үйінде «Мұнаралы, жыр аралы - Маңғыстау» тақырыбында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын, публицист Өтеген ОРАЛБАЙҰЛЫНЫҢ шығармашылығына арналған кеш өтті. Кеш аясында Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы автордың шығармашылығынан көрме ұйымдастырды. Көрмеге прозалық кітабы “Жолға шықты жүрегім», «Серпер сезім», Жыр жинақтары: «Өлеңбаян» 2 томдық, «Қағбаның қарлығаштары», «Шуақты шақ», т.с.с. және баспасөз бетіне жарияланған мақалалары қойылды. Шарада ақынның өлеңдеріне жазылған әндер орындалды ( “Шевченко шаттығы”, “ Жас жұбайлар жыры” ). Кеш өте жоғарғы деңгейде өтті.
Туған елім, шуағымды шашайын,
Тамырымды – жан нұрымды ашайын.
Туың сенің биік болса – мәртебем,
Тік көтеріп болашаққа асайын
Өтеген Оралбаев
21-ші қыркүйек күні жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен "Қәзіргі жастар" ...
Кітапханамыздың балалар бөлімінде 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер ...
22-қыркүйек – Қазақстан Халықтарының тілдер мерекесіне орай оқырмандарға қызмет ...
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарын жүзеге асыруға сәйкес ...
Кітапханамызға қала сыртындағы "Алау" балалар демалыс орнынан 45 бала келді. ...
"Рухани жаңғыру" аясында "НКОК" компаниясының демеушілік жəне қайырымдылық ...
Бүгін, 10 шілде күні, Астананың 20 жылдығына орай кітапханашылар Хасанова К.А. мен ...
5 шілде күні өнер секторының ұйымдастыруымен "Арманмен өрілген қала" атты ...