Тарихи- танымдық сағат
Биыл саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні, яғни кінәсіз зардап шеккен Қазақстандықтарды жалпыға бірдей еске алудың ресми күні деп жарияланына 20 жыл болды. Қанды-қаһарлы 1937 жылдан бері 80 жыл өтті. Ату жазасы, бас бостандығынан айыру, жер аудару сияқты үкімдер сотсыз, тергеусіз, тексерусіз жүзеге асып, Қазақстан бойынша 100 мыңнан астам адам қуғындалған, оның 25 мыңы атылған. Миллионға жуық қазақ туған жерін тастап босып кетті. Бұл Қазақстанның барлық облысын қамтыды. Оның ішінде Маңғыстау облысы да бұл қасіреттен аман қалған жоқ. Мысалы Адай көтерілісі бойынша 740 мың адам жауапқа тартылып, 550-дей адам сотталды. Көбі қаза тапты. Міне, қазақтың басынан қандай азапты ауыр күндер өткен. Мұны келер ұрпақ білуге міндетті және құрбандарды еске алу парыз. Енді мұндай қасіретті күнді көрсетпеуін жаратқаннан тілейміз. Бүгін Ақтау қаласындағы «6656» және «2201 А», Облыстық архив және құжаттама басқармасы қатысқан шара өткізілді.
21-ші қыркүйек күні жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен "Қәзіргі жастар" ...
Кітапханамыздың балалар бөлімінде 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер ...
22-қыркүйек – Қазақстан Халықтарының тілдер мерекесіне орай оқырмандарға қызмет ...
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарын жүзеге асыруға сәйкес ...
Кітапханамызға қала сыртындағы "Алау" балалар демалыс орнынан 45 бала келді. ...
"Рухани жаңғыру" аясында "НКОК" компаниясының демеушілік жəне қайырымдылық ...
Бүгін, 10 шілде күні, Астананың 20 жылдығына орай кітапханашылар Хасанова К.А. мен ...
5 шілде күні өнер секторының ұйымдастыруымен "Арманмен өрілген қала" атты ...