"Домбыра - ұлт бойтұмары"
Елімізде шілденің алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленген.
Ұлттық аспабымыздың бүгінде заманауи музыка өнеріне бейімделіп, дүние жүзінің сахнасында қазақ өнерін танытуға үлкен үлесі бар, домбыраның қасиеті қазақ өмірінде алатын орны ерекше.
Ұлттық Домбыра күніне орай Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлімі қоғамдық көлікте "Домбыра - ұлт бойтұмары" атты көшпелі кітапхана акциясын өткізді.
Акция барысында қоғамдық көлікте күйшілердің орындауында қазақтың халық күйлері орындалып, домбыраның күмбірлеген үні жолаушыларға ерекше рухани әсер сыйлады. Сондай-ақ қазақ ақындарының домбыраға арналған сырлы өлеңдері оқылып, ұлттық өнер мен рухани мұрамыздың құндылығы кеңінен насихатталды.
Іс-шара аясында кітапхана қорындағы домбыра өнері, күй мәдениеті және ұлттық мұраға арналған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалып, жолаушыларға кітаптар таныстырылды. Сонымен қатар, танымдық викторина ұйымдастырылып, ұлттық өнерге қатысты сұрақтарға белсене қатысып, дұрыс жауап берген жолаушыларға кітапхана атынан арнайы сыйлықтар табысталды.
Баршаңызды Ұлы мұрамызды ұлықтайтын Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Библиомарафон( ашық аспан аясында): “Тәуелсіздік - тәңірден келген тәтті сый” ...
26 қаңтар күні ҚР Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен "Қазақстан ...
«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» арнайы жобасы аясында «Алпамыс ...
Жақында 2021 жылдың Жыл кітаптарын таңдау бойынша «Бір ел – бір кітап» акциясы ...
Кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан ...
Тәуелсіздік мерекесіне орай, Маңғыстау облысының әкімі С. Тұрымов Ә.Кекілбаев ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы “Үздік ...
16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" ...
9 желтоқсан күні облыстық кітапхана қызметкерлері Каталогизатор мектебі ...
3 желтоқсан күні кітапханамызда "Кітап қорын есепке алу мен толықтырудың жаңа ...

























