Балалар кітабы апталығы басталды!
Жыл сайын 2 сәуір күні бүкіл әлемде Халықаралық балалар кітабы күні аталып өтіледі. Бұл күн балалар әдебиетінің маңызын арттыру, жас ұрпақты кітап оқуға баулу және жазушылардың еңбегін насихаттау мақсатында белгіленген.
Аталған мереке датасының таңдалуы да кездейсоқ емес. 2 сәуір – әлемге әйгілі ертегі жазушысы Ханс Кристиан Андерсеннің туған күні. Оның шығармалары балалар әдебиетінің алтын қорына енген және бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Балалар кітабы – жас ұрпақтың рухани дамуының негізі. Кітап арқылы бала қиялдауды, ойлауды, жақсылық пен жамандықты ажыратуды үйренеді. Сонымен қатар сөздік қорын байытып, дүниетанымын кеңейтеді.
Осы мереке аясында Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының балалар бөлімінде оқырмандарымыз апта бойы кітаптың шығу тарихымен танысып, жаңа кітап көрмелерімен танысады және қызықты іс-шараларға қатысы алады. .
Балалар кітабы апталығы аясында Ақтөбелік ақын Ертай Ашықбаевтың 70 жасқа толуына орай «Балдай жыр балаларға» атты әдеби-сазды кеш өтті. Оқырмандарымыз ақынның өмірбаянымен, шығармашылығымен танысты.
Ақын, сазгер Ерекен Қорабаевпен кездесу кешіне белсене қатысты.
Балаларды апталық аясында өтетін басқа да қызықты іс-шараларда, ойындарда күтеміз!
Халықаралық балалар кітабы күні тек мереке емес, әр ата-ана мен ұстазға үлкен жауапкершілік жүктейтін күн. Баланың қолына кітап беру – оның болашағына жол ашу деген сөз. Сондықтан әрбіріміз балаларды кітап оқуға баулып, олардың рухани бай, білімді болып өсуіне үлес қосуымыз керек. Қорытындылай келіп, кітап – баланың ең жақын досы. Ал балалар кітабы күні – сол достықты нығайтатын күн.
10 шілде күні кітапханамыздың балалар бөлімі қызметкерлері қаламыздағы "Тұлпар" ...
Бүгін кітапханамызда "Мен астамен бірге өсемін!" атты фото сайысының қорытынды ...
Әртүрлі оқырман топтарының рухани қажеттіліктері мен сұраныстары кітапханалар ...
Фримаркет – бұл оқыған кітаптарды басқа да оқығысы келген кітаптарға айырбастау ...
Орыс халқы Пушкинді, украиндар Шевченконы, қазақ елі алдына Абайды, сол сияқты ...
31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. 30 мамыр кітапханамызда ...
Поляк суретшісі Бронислав Залесскийдің "Қазақ сахарасына саяхат" кітабында XIX ...
24 сәуір күні кітапханамызда "Маңғыстау дүлдүлдері" атты кездесу кеш өтті. Кештін ...
19 сәуір күні теңіз жағалауында 23 сәуір - Бүкіләлемдік кітап күніне орай "Book ...
Қазақ ғылымына ерен еңбегі сіңген Қаныш Имантайұлының Маңғыстауға да сіңірген ...

























