Егеменді еліміздің 25 жылдығына орай
16 қарашада облыстық кітапхана тарапынан КИБО кешенімен Мұнайлы аудандық №7 орта мектебінде болып қайттық.Осы жылжымалы кешенменен оқушы қауымды, жас ерекшеліктері әртүрлі балаларды кітапхана қорынан жинақталған кітаптар, фотоальбомдармен таныстырдық.
Егеменді еліміздің 25 жылдығына орай жинақталған кітаптардың мазмұнымен көпшілікті хабардар еттік, айта кетер жағдай поэзия саласына бұрылғанымызда тыңдаушы қауымнан мен өлең оқығым келеді – деген ұсыныс түсті, әрине мархабат деп - ортаға шығардық.Ол 10 б сынып оқушысы Байрамова Мадина болатын, ұлы ақын Абайдың өлеңін оқыды.Мектеп жанынан құрылған «домбыра» үйірмесіне бет алған балаларда біздің кешенге жол жөнекей келіп, кітаптармен танысты.Егеменді елімізге шашуыңыз бар шығар - деген сауалға олар, әрине деп жайғаса кетіп домбырада әсем күйді тербетті.
Бұдан біз өсіп келе жатқан жас ұрпақтың өнерлі екенін,поэзияға жақын екенінің куәгері болып қуандық.
Кітапханашы Нағашыбаева Р.А.
Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, қазақ балалар ...
18 қазан күні кітапханамыздың оқу залында «Маңғыстау ғашықтары» атты ...
1 қазан- Халықаралық музыка күніне орай өнер бөлімінің қызметкерлері кітапхана ...
27 қыркүйек күні Дүниежүзі Теңіз күніне орай оқырмандарға қызмет көрсету ...
Құрметті оқырмандар! Өнер бөлімінде АЙ-СТОППЕР көрмесі өз жұмысын бастады. ...
2014 жылдан бастап кітапханамыздың "Өнер" бөлімінде қолөнер үйірмелер өз жұмысын ...
21-ші қыркүйек күні жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен "Қәзіргі жастар" ...
Кітапханамыздың балалар бөлімінде 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер ...
22-қыркүйек – Қазақстан Халықтарының тілдер мерекесіне орай оқырмандарға қызмет ...