• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Еске алу кеші: Утежан Алшымбаев

Бүгін облыстық кітапханасында ҰОС ардагері, Жаңаөзен қаланың құрметті азаматы, мәдениет қайраткері Өтежан Алшымбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай еске алу кеші  өтті. Кеш барысында  оқушылар Өтежан Алшымбаевтың шығармашылығынан және мерейтой иесіне арнаған арнау өлеңдерін оқыды. Шара аясында Өтежан Алшымбаев туралы кітаптар мен фото- суреттер көрме ұйымдастырылды.  Экраннан Өтежан Алшымбаевтың жастық шағы, қызметке келуі, шығармашылығы, өнерге құштарлығы мен елге сіңірген еңбегіне шолу көрсетілді.  

"Қандай деңгейде, қай лауазымда еңбек етсе де Өтежан Алшымбайұлы мансап қумайтын, өмір ағымына сай қарапайым азамат екендігін көрсетті. Қандай жұмыс саласы болса да, ол халықтың ризашылығын алды, қолынан келгенше адамға жақсылық жасауға талпынды. Жақсының артында өнеге, азаматтық кейпі қалады. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен ел ағасы қызметін халқына арнады. Оның кескін-келбеті ел жадында уақыт өткен сайын биіктей береді. Өтежан Алшымбайұлының өмір жолы, еңбек жолы – кейінгі ұрпақтар үшін өшпес өнеге, үлкен ұлағат!"     Айбек Қосуақов 

Кешке  үздік өлкетанушы, мемлекеттік қызмет ардагері Алқажан Еділхан, мемлекет және қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбай, тарихшы, сәулетші Сайын Назарбекұлы қатысты. 



4 сәуір күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде қазақтың ұлы ...

Жаңалыққа өту  

Өміріндегі бар алтын мен асылдан, Кітап артық шуақ болып шашылған, Кітапханам - ...

Жаңалыққа өту  

2 сәуір - Халықаралық балаларға арналған кітап күніне орай  кітапханамыздың ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамызда Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері одағының қоғамдық ...

Жаңалыққа өту  

16 наурыз күні өнер бөлімінде қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам ...

Жаңалыққа өту  

9 наурыз күні кітапханамызда "Кітап - мәңгілік елдің мәдени мұрасы" атты ашық есік ...

Жаңалыққа өту  

8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 7 наурыз күні кітапханамызда  «Әйел - ...

Жаңалыққа өту  

6-наурыз Ұлттық өнер күніне орай кітапханамызда "Естен кетпес есімдер" атты  әнші, ...

Жаңалыққа өту  

Наурыздың 2-жұлдызында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  кітапханамызда ...

Жаңалыққа өту  

28 ақпан күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу