Сәулетші Шота Уалихановтың туғанына 85 жас
Өнер әдебиеттері бөлімінде ҚР еңбегі сіңген сәулетші, Шығыс елдері халықаралық Архитектура академиясының академигі, Республикалық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының төрағасы Шота Уалихановтың туғанына 85 –жылдығына әңгіме-сұхбат өткізілді. Белгілі сәулетші бірнеше ірі ғимараттардың, 20 монумент пен ескерткіштердің авторы. Олардың қатарында Алматыдағы «Динамо» стадионы, еліміздің әр қалаларында салынған Ә.Жангелдин, Т.Бокин, Ш.Уәлиханов, Ғ.Мұратбаев, Т.Бигелдинов, А.Байтұрсынов, Абай ескерткіштері, Д.Қонаев бюсті, Тәуелсіздік монументі бар. Сонымен қатар ҚР жаңа мемлекеттік елтаңбасының авторы. Шота Уәлиханов белгілі саяхатшы, этнограф, шығыстанушы Шоқан Уәлихановтың ұрпағы, Шоқанның туған інісінің баласы. Қазақстанның сәулет және мүсін өнерінде өзіндік үлкен орны бар тұлғаны болашақ жастар танып-білу керек деген мақсатта өткізілген кеште еңбектерінен бейне слайд көрсетілді.
20 қаңтар күні "Женский клуб выходного дня" клубтың мүшелері психолог Карайчикова ...
23 қаңтар күні кітапханамыздың балалар бөлімінде "Тұңғыш қазақ суретшісі" атты ...
25 қаңтар күні кітапханамыздың Арнаулы бөлімі қызметкерлердің ұйымдастыруымен 1 ...
Кітапханамыздың «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған» ...
9 қаңтар күні балалар бөліміне бір топ оқырман балалар келіп, орыс балалар ...
Өнер бөлімінде 2019 жылдың І жартыжылдық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде: ...
Кітапханамызда жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен желтоқсан куәгерлерімен ...
Кітапхана білім ошағы ғана емес, мәдени орталық. Сондықтан да қызметкерлердің ...
12 желтоқсан күні кітапханамыздың балалар бөлімінде "Тәуелсіздік туы, желбіре!" ...
Кітап – адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ...