Тәуелсіздік туы, желбіре!
12 желтоқсан күні кітапханамыздың балалар бөлімінде "Тәуелсіздік туы, желбіре!" атты әдеби сазды кеш өтті. Кешке қаламыздағы № 8 мектептің 4 "а", "б " сынып оқушылары және №15 мектептің 5 сынып оқушылары қатысты. Балаларға Тәуелсіздік туралы мағлұмат беріліп, оқушылар өздері дайындап келген " Ата = бабам аңсаған тәуелсіздік" атты көрінісін көрсетті. Тәуелсіздік туралы өлеңдерін оқып, әндерін шырқады. 15 мектептің оқушысы Қаржаубай Диляра Ғ. Құрманғалиевтің " Қазақстан " әнін домбырамен шырқап берді. Балаларға Желтоқсан оқиғасы туралы айтылып, Желтоқсан қаһармандарына арналған өлеңдері оқылды. "Мақтанышым - Тәуелсіз Қазақстан " атты кітап көрмесі жасақталып, балаларға таныстырылды. Кеш жүргізушісі: кітапханашы Күланда Хасанова.
4 сәуір күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде қазақтың ұлы ...
Өміріндегі бар алтын мен асылдан, Кітап артық шуақ болып шашылған, Кітапханам - ...
2 сәуір - Халықаралық балаларға арналған кітап күніне орай кітапханамыздың ...
Кітапханамызда Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері одағының қоғамдық ...
16 наурыз күні өнер бөлімінде қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам ...
9 наурыз күні кітапханамызда "Кітап - мәңгілік елдің мәдени мұрасы" атты ашық есік ...
8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 7 наурыз күні кітапханамызда «Әйел - ...
6-наурыз Ұлттық өнер күніне орай кітапханамызда "Естен кетпес есімдер" атты әнші, ...
Наурыздың 2-жұлдызында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітапханамызда ...
28 ақпан күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында ...