«Ана тілім – мәңгілік елдің мұрасы»
Маңғыстау облыстық кітапханасында ана тілінің терең тарихы мен қазіргі дамуын, сондай-ақ тіл білімінің іргетасын қалаған ұлы тұлғалардың мұрасын жан-жақты көрсетуге бағытталған «Ана тілім – мәңгілік елдің мұрасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Шара барысында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының тіл біліміне қосқан ерең еңбегі туралы сөз қозғап, оның қайраткерлік тұлғасы, шығармашылығы таныстырылды. Сонымен бірге «Сөз құдіреті – тіл ғажабы» атты кітап көрмесі арқылы кітапхана қорындағы тіл, әдебиет және ұлттық құндылықтарға арналған әдебиеттер насихатталып, қатысушыларға таныстырылды.
Шараға 200-ден астам адам қатысты: Маңғыстау облыстық сот қызметкерлері, Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, «Меридиан» және Өнер колледжі студенттері, Этнос өкілдері мен қоғам қайраткерлері, Қазақстан Ұлттық банкінің Маңғыстау филиалының қызметкерлері қатысты. https://www.instagram.com/mangystau_kitapkhana/reel/Dc24QaUotIc/
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы “Үздік ...
16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" ...
9 желтоқсан күні облыстық кітапхана қызметкерлері Каталогизатор мектебі ...
3 желтоқсан күні кітапханамызда "Кітап қорын есепке алу мен толықтырудың жаңа ...
Бистро Fusion-де ашылды! Жақында Napoli кафесінде ашылады! ...
Халқымыздың талантты перзенті, ұлы ақын, ҚР ән-ұранының авторы Жұмекең ...
1желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасы ...
15-қараша Ұлттық валюта күні қарсаңында "Теңге - асыл қазына, халық байлығы" ...
"Айгөлек" клубына шақырамыз! ...























