"Бір өлке-бір тұлға" акциясы аясында
30.03.23ж. Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында “Бір өлке, бір тұлға” акциясы аясында, Қазақтан шыққан тұңғыш мифолог, ғалым, географ, этнограф, тарихшы, өлкетанушы - Серікбол Қондыбайдың туғанына 55 жыл толуына орай “Серікбол Қондыбайдың ғылымдағы қисындары мен қағидалары” атты оқырмандар конференциясы өтті.
Конференцияға зиялы қауым өкілдері, ғалым, өлкетанушы - Мұрат Ақмырзаев,
Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент - Эльвира Абланова,
Шетпедегі Серікбол Қондыбай атындағы мемориалдық музейдің директоры - Рима Бердиева және Ақтау қаласындағы Серікбол Қондыбай атындағы 22мектеп пен Мұнайлы ауданындағы мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты.
Шараға қатысушылар Серікбол Қондыбайдың шығармашылығынан сыр шертетін бейнероликті тамашалап, ғалымның еңбектерінен, шығармашылығынан зерттеу жұмыстарын көрсетіп, баяндамаларын таныстырды.
Шетпелік Өнер колледжінің студенті Сыдықова Ақбота “Көлқайнар”, “Шалқымалы” әндерін домбырамен орындап, өнерін ортаға паш етті.
Шара соңында конференцияға қатысушыларға облыстық кітапхана атынан кітаптар мен алғыс хаттар табысталды.
Сонымен бірге Шетпедегі Серікбол Қондыбай Музейі Серікбол Қондыбай атындағы мемориалдық музейінің көрмесі көпшілікке таныстырылды.
362 әулиелі қасиетті Маңғыстау топырағында туып өсіп, түркі мифологиясын, жауынгерлік рух пен дәстүр-салтын зерттеген ғалым, ерекше дарын иесі -Серікбол Қондыбайдың мұрасы конференция қатысушылары мен өскелең ұрпаққа берер тағылымы орасан зор.
15 қыркүйек күні балалар бөлімінін кітапханашысы Сағызбаева І. №9 орта мектебінің ...
15 қыркүйек күні, сағат 12-00-де оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында 22 ...
Жаппай кітап оқу азайып кеткен қазіргі заманда «буккроссинг» қозғалысын ...
18 тамыз күні өнер бөлімінің үйымдастырумен Қазақстанның халық артисі, биші ...
Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы (швед. Nobelpriset i litteratur) — жыл сайын әдебиет ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің өнер секторында «Өнер өріндегі өр ...
11 тамыз күні балалар бөлімінде "Балалар бейнелеген ЭКСПО - 2017" атты сурет сайысы ...
Балалар демалыс лагерінен басқа ауыл тұрғындарына жүрмелі ақпараттық қызмет ...