• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

"Домбыра - ұлт бойтұмары"

Елімізде шілденің алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленген.

Ұлттық аспабымыздың бүгінде заманауи музыка өнеріне бейімделіп, дүние жүзінің сахнасында қазақ өнерін танытуға үлкен үлесі бар, домбыраның қасиеті қазақ өмірінде алатын орны ерекше. 

Ұлттық Домбыра күніне орай Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлімі қоғамдық көлікте "Домбыра - ұлт бойтұмары" атты көшпелі кітапхана акциясын өткізді.

Акция барысында қоғамдық көлікте күйшілердің орындауында қазақтың халық күйлері орындалып, домбыраның күмбірлеген үні жолаушыларға ерекше рухани әсер сыйлады. Сондай-ақ қазақ ақындарының домбыраға арналған сырлы өлеңдері оқылып, ұлттық өнер мен рухани мұрамыздың құндылығы кеңінен насихатталды. 

Іс-шара аясында кітапхана қорындағы домбыра өнері, күй мәдениеті және ұлттық мұраға арналған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалып, жолаушыларға кітаптар таныстырылды. Сонымен қатар, танымдық викторина ұйымдастырылып, ұлттық өнерге қатысты сұрақтарға белсене қатысып, дұрыс жауап берген жолаушыларға кітапхана атынан арнайы сыйлықтар табысталды.

Баршаңызды Ұлы мұрамызды ұлықтайтын Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 



Кітапханамыздың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Ұлы даланың ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамыздың балалар бөлімінде "ҚАЗАҚСТАН - АЛМА МЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ" атты ...

Жаңалыққа өту  

 Бүгін  кітапханамызда Республикалық "Бір ел - бір кітап" 2019 акциясы аясында  ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамыздың  балалар бөлімінде 2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күніне ...

Жаңалыққа өту  

28 наурыз - Ұлттық домбыраны ұлықтау, насихаттау күні қарсыңында кітапханамызда ...

Жаңалыққа өту  

24,25 наурыз - Ұлттық өнер күніне орай кітапханамызда кітап көрме ұйымдастырылды.  ...

Жаңалыққа өту  

12 наурыз күні кітапханамыздың балалар бөлімінде "НАУРЫЗ - ДУМАН" атты әдеби сазды ...

Жаңалыққа өту  

Өнердің адал перзенті Әмина Өмірзақованың туғанына биыл 100 жыл толды. Той әлемдік ...

Жаңалыққа өту  

11 наурыз - Ұлттық кітап күні! Осыған орай кітапханамыздың оқырмандарға қызмет ...

Жаңалыққа өту  

6 наурыз күні  кітапханамызда Мұрын жырау атындағы Маңғыстау гуманитарлық ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу