«Quiz game» өткізілді
Маңғыстау креатив алаңында 2026 жылғы 16 қаңтар күні Облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен әдіскерлерге арналған облыстық деңгейдегі зияткерлік іс-шара — «Quiz game» өткізілді. Аталған шара кәсіби әдіскерлердің білім деңгейін арттыру, зияткерлік әлеуетін дамыту және өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараға Облыстың әр өңірінен жиналған әдіскерлер белсенді түрде қатысып, жалпы 45–50 адам қамтылды. Қатысушылар бірнеше командаға бөлініп, зияткерлік ойын кезеңдеріне қатысты.
Бағдарлама барысында қатысушылардың кәсіби білімі, логикалық ойлау қабілеті, жылдам шешім қабылдау дағдылары және командалық жұмыс істеу қабілеті сынға түсті. Сұрақтар әдістемелік жұмыс, мәдениет саласы, жалпы білім және логикалық тапсырмалар бағытында әзірленіп, ойын мазмұны тартымды әрі мазмұнды болды.
Аталған облыстық «Quiz game» іс-шарасы ұйымдастырушылық және мазмұндық тұрғыдан жоғары деңгейде өткізіліп, қойылған мақсаттар мен міндеттер толық орындалды. Шара әдіскерлердің кәсіби дамуына оң әсерін тигізіп, қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды.
21-ші қыркүйек күні жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен "Қәзіргі жастар" ...
Кітапханамыздың балалар бөлімінде 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер ...
22-қыркүйек – Қазақстан Халықтарының тілдер мерекесіне орай оқырмандарға қызмет ...
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарын жүзеге асыруға сәйкес ...
Кітапханамызға қала сыртындағы "Алау" балалар демалыс орнынан 45 бала келді. ...
"Рухани жаңғыру" аясында "НКОК" компаниясының демеушілік жəне қайырымдылық ...
Бүгін, 10 шілде күні, Астананың 20 жылдығына орай кітапханашылар Хасанова К.А. мен ...
5 шілде күні өнер секторының ұйымдастыруымен "Арманмен өрілген қала" атты ...

























