• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

«Бір өлке – бір тұлға» жобасы

8 қазан күні облыстық кітапханасының Өлкетану залында «Бір өлке – бір тұлға» жобасы аясында ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың,, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты Сабыр АДАЙмен “Әр қазақ - менің жалғызым” атты кездесу кеші өтті. Әдеби кешке өлкеміздің зиялы қауым өкілдері қатысты. Маңғыстау облыстық филармониясының әншісі Әзімхан АДАЙ, Маңғыстау Өнер колледжінің студенті Сұңқар АМАНДЫҚ ағаның сөзіне жазылған ән мен жырдан шашу шашты. Студенттер, хабарландырудан көріп арнайы дайындалып келген кітап сүйер оқырмандар көркемдеп өлең оқыды. Кеш иесі қонақтарға, өнер көрсеткен жастарға соңғы жарық көрген кітаптарын тарту етті. Шараға 109 адам қатысты.

17 қазан күні Өлкетану залында жас оқырмандарды, жалпы өлең сүйер қауымды осындай ақынның кешіне тарту, өлеңдерін оқуға наихаттау, шығармашылымен таныстыру мақсатымен ақын, ұлағатты ұстаз Светлана Мұқышеваның «Жырларым – сырларым» атты әдеби шығармашылық кеші өткізілді. Шараға ақынның кітабына алғы сөз жазған ақын, Жазушылар Одағының мүшесі Шора Тәжіғали қатысты. Шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, өмірбаяндық бейнебаян көрсетілді. Шараға 32 адам қатысты.

«Жеті қайқының» бірі, Өскінбай Қалманбетұлы — қазақ күй өнерінің біртуар тұлғасы, оның шығармалары ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа өтетін рухани мұра болып табылады. 19 қазан күні Өлкетану залы  күйші Өскінбай Қалманбетұлының туғанына 165 жыл толуына орай  "Өнерді жасымыздан өрнек еттік” атты онлайн ақпаратты оқырмандарға ұсынылды. Онлайн ақпарат сағатында кітапханашылар Өскінбай Қалманбетұлының өмірі мен шығармашылығын еске ала отырып, оның ұлт мәдениетіне қосқан зор үлесін тағы да бір рет атап өтті.

 





26 маусым күні кітапханамызда жасөспірім бөлімі қызметкерлерінің ...

Жаңалыққа өту  

22 маусым күні оқу залымызда қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын Мұқағали ...

Жаңалыққа өту  

Маңғыстаудың мақтанышы - Шамшадин Сабытаевтың туғанына 80 жас толуына орай ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамыздың балалар бөлімінің қызметкерлері Астана қаласының 20-жылдығына ...

Жаңалыққа өту  

8 маусым күні, сағат 12-00-де оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен ...

Жаңалыққа өту  

31 мамыр күні кітапханамыздың жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен "Бір ...

Жаңалыққа өту  

1 маусым - Балаларды қорғау күніне орай кітапханамыздың балалар бөлімінің ...

Жаңалыққа өту  

30 мамыр күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында Алаш қозғалысына ...

Жаңалыққа өту  

24 мамыр күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында батыр ...

Жаңалыққа өту  

17 мамыр күні Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу