«Кітап әлеміне саяхат»
14,19,21 тамыз күндері облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлімінде «Кітап әлеміне саяхат» ұйымдастырылды.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мұғалімдері жасөспірім бөлімінің кітап қорымен оқу залындағы Абай Құнанбаевтың 180 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ұлы халықтың – ұлы Абайы», «Әдеби күнтізбе», «Ата заң – мызғымас мемлекеттің қазығы» сонымен қатар «Бір ел - бір кітап» акциясы атты кітап көрмелерімен кеңінен танысты. Сонымен қатар жасөспірім бөлімінде ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарына да шолу жасалынды. Орталық мұғалімдері кітапханаға өздерінің оң пікірлерін қалдырып, болашақта тығыз жұмыс атқарылатындығын тілге тиек етті. Ұстаздар жасөспірім бөлімінің креативке толы, заманауи екендігін айтып, ризашылықтарын білдірді.
19 тамыз күні жаңа кітаптармен танысу көрмесі өтті. "Отбасы хрестоматия" сериясымен келген кітаптар және көркем әдебиеттермен кітапхана келушілеріне таныстырылды .
21 тамыз күні кітапхананың тұрақты оқырмандары «Кітап әлеміне саяхат» аясында «Әдеби күнтізбе» , «Ата заң – мызғымас мемлекеттің қазығы», «Бір ел - бір кітап» акциясы, «Likebook», «Маң дала, маңғаз мекен» және жаңа келіп түскен шығармалар топтамасымен танысты.
Осы шаралар қорытындысы бойынша жаңадан тіркелген оқырмандарға "Кітап әлеміне саяхат" ұнады, қатысушылар суретке түсіп, ризашылықтарын білдірді. Кітапханаға жаңа оқырман болып тіркелді.
21-ші қыркүйек күні жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен "Қәзіргі жастар" ...
Кітапханамыздың балалар бөлімінде 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер ...
22-қыркүйек – Қазақстан Халықтарының тілдер мерекесіне орай оқырмандарға қызмет ...
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарын жүзеге асыруға сәйкес ...
Кітапханамызға қала сыртындағы "Алау" балалар демалыс орнынан 45 бала келді. ...
"Рухани жаңғыру" аясында "НКОК" компаниясының демеушілік жəне қайырымдылық ...
Бүгін, 10 шілде күні, Астананың 20 жылдығына орай кітапханашылар Хасанова К.А. мен ...
5 шілде күні өнер секторының ұйымдастыруымен "Арманмен өрілген қала" атты ...

























