Quiz интеллектуалдық ойындар өтті
Маңғыстау креатив алаңында:
8-қазан күні Қалалық Мәслихат депутаттарының қатысуымен қызықты Quiz ойыны өткізілді. Ойынға 22 адам қатысып, қатысушылар түрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Бұл іс-шара жастардың логикалық ойлау қабілетін, топпен жұмыс істеу дағдыларын арттыруға бағытталды. Шарадан қатысушылардан оң пікірлер алды.
10 қазан күні «Шам» орталығының ұйымдастыруымен «Sham Quiz» интеллектуалдық ойыны өткізілді. Қатысушылар командаларға бөлініп, түрлі тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен жылдам ойлау қабілеттерін сынады. Ойын көңілді әрі достық атмосферада өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың танымдық белсенділігін арттыру және командалық рухты нығайту болды.
17-қазан күні Камалов Батыржанның ұйымдастыруымен Sham Quiz интеллектуалды сайысы өтті. Бұл кеште қатысушылар түрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап беріп, логикалық және эрудициялық қабілеттерін сынады. Ойын қызықты атмосферада өтіп, қатысушылар жағымды эмоция мен жаңа әсерге бөленді.
26-қазан күні «Шам» орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі Sham Quiz ойыны өтті. Интеллектуалды сайыста қатысушылар түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынады. Ойын барысында командалар арасында тартысты бәсеке өрбіп, шара көңілді әрі достық атмосферада өтті.
30-қазан күні «Шам» орталығында дәстүрлі Sham Quiz ойыны өткізілді. Интеллектуалды сайыста Қатысушылар командаларға бөлініп, түрлі бағыттағы қызықты сұрақтарға жауап берді. Бұл кеш білім мен тапқырлықты, топтық бірлікті және жылдам ойлау қабілетін сынайтын көңілді форматта өтті. Sham Quiz ойындары қатысушыларға жақсы әсер қалдырып, жаңа таныстықтар мен ұмытылмас сәттерге себеп болды.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарын жүзеге асыруға сәйкес ...
Кітапханамызға қала сыртындағы "Алау" балалар демалыс орнынан 45 бала келді. ...
"Рухани жаңғыру" аясында "НКОК" компаниясының демеушілік жəне қайырымдылық ...
Бүгін, 10 шілде күні, Астананың 20 жылдығына орай кітапханашылар Хасанова К.А. мен ...
5 шілде күні өнер секторының ұйымдастыруымен "Арманмен өрілген қала" атты ...
28 маусым күні өнер бөлімі кітапханашылардың ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра ...
26 маусым күні кітапханамызда жасөспірім бөлімі қызметкерлерінің ...
22 маусым күні оқу залымызда қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын Мұқағали ...
Маңғыстаудың мақтанышы - Шамшадин Сабытаевтың туғанына 80 жас толуына орай ...
























