"КІТАПХАНА ТҮНІ" - 2023
23-сәуір - Бүкіләлемдік кітап күніне орай облыстық кітапханада "КІТАПХАНА ТҮНІ" - 2023 мерекелік іс-шара өткізілді. Шараға қала тұрғындары мен қонақтары, тұрақты оқырмандары белсене қатысты.
Іс-шара мақсаты - қоғаммен байланыс жасау, сонымен қатар кітап оқуды насихаттау, кітапханаға тарту және бос уақытты мазмұнды өткізуде жаңашылдыққа іздену.
Кітапхананың әр бөлімінде «Автор кім?!» сұрақ-жауап сайысы, "Кел, шырқайық!" караоке-бар, «Әдеби-домино», «Чаплин әлеміне саяхат», «Білгірлер клубы" интеллектуалды ойындар, «Кім тапқыр?» мақал-мәтелдер сайысы, Шахмат, тоғызқұмалақ ойындарынан мастер-класс, «Түлкі, әтеш, қоян» ертегісінен көрініс, Сказкотерапия, "Диско! Диско!" музыкалық алаңы, Арт-галерея+мастер класс, «МаңғыстауМұнайГаз» Театрландырылған көрініс, «Тарих толқынында» квест, «Сұрақ-жауап» ойыны т.б. қызықты шаралар өткізілді.
Белсене қатысқан оқырмандары сыйлық және алғыс хаттарымен марапатталды.
"Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам, Қараңғылықтың көгіне күн ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапхананың балалар бөлімі ...
"Балдәурен" балалар лагерінің үшінші жаңа маусымына келген балаларға жаңа ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасына жеке автордан ...
"Ауыл" Халықтық-Демократиялық Патриоттық партиясы Маңғыстау облыстық филиалы ...
Мемлекет тарихы институты 2012 жылдан бастап «Ұлы дала тұлғалары» сериясымен ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...
Балалардың жүрегіне Астанаға деген махаббатты мықтап құя беру керек. Өйткені бұл ...
"Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама" Маңғыстау "Мейірбике" медициналық ...