Семинар-тренинг
20 сәуір күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының кітап толықтыру және өңдеу бөлімінің меңгерушісі Қуандықова Зауре Алибековна және аталмыш мекеменің анықтама - библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Хибасова Дина Алтыбаевна Маңғыстау аудандық орталық кітапханасында болып, семинар-тренинг өткізді. Бұл сабаққа орталық кітапхана қызметкерлері сондай-ақ Шетпе кентіне қарасты барлық ауылдық кітапхана қызметкерлері қатысты. Сабақта кітап толықтыру және өңдеу бөлімінің жұмысы, соның ішінде каталог және оның түрлеріне тереңірек тоқталды. Анықтама-библиография бөлімінің жалпы жұмысы, картотекалардың түрлері, Web-PABIS ақпараттандырылған жүйесінің модульдерімен таныстырылды.
#семинар #тренинг #маңғыстаукітапханасы #маңғыстауауданы #кітапханашы
"Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам, Қараңғылықтың көгіне күн ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапхананың балалар бөлімі ...
"Балдәурен" балалар лагерінің үшінші жаңа маусымына келген балаларға жаңа ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасына жеке автордан ...
"Ауыл" Халықтық-Демократиялық Патриоттық партиясы Маңғыстау облыстық филиалы ...
Мемлекет тарихы институты 2012 жылдан бастап «Ұлы дала тұлғалары» сериясымен ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...
Балалардың жүрегіне Астанаға деген махаббатты мықтап құя беру керек. Өйткені бұл ...
"Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама" Маңғыстау "Мейірбике" медициналық ...