10-тамыз - АБАЙ КҮНІ
Бүгін елімізде Абай күні аталып өтеді.
Еске салайық, 2020 жылдың 4 тамызында Үкіметтің арнайы қаулысы шығып, «Қазақстандағы мерекелік күндердің қатары «10 тамыз - Абай күні» деген тармақпен толықтырылған болатын.
Маңғыстау облыстық кітапханасының фойесінде оқырмандардың Абай шығармашылығын оқуға, өмірін, тұлғалық қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға, поэзияға деген құмарлығын арттыру, жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу мақсатымен "Абай оқулары" ұйымдастырылды. Шараға кітапхана оқырмандары, қала тұрғындары белсене қатысты.
Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкірекке сақтап жүрейік.
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының құрамында көзі ...
21 қыркүйек күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің абонемент бөлімінде Ұлы жазушы, қоғам ...
Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - ...
Арнаулы бөліміндегі шара. ...
15 қыркүйек күні балалар бөлімінін кітапханашысы Сағызбаева І. №9 орта мектебінің ...
15 қыркүйек күні, сағат 12-00-де оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында 22 ...
Жаппай кітап оқу азайып кеткен қазіргі заманда «буккроссинг» қозғалысын ...