• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 08:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Қыл қаламның анасы

24 мамыр күні «Өнер» бөлімінде «Қыл қаламның анасы» атты қазақ қыздарының ішінен алғаш шыққан суретші, кескіндемеші Айша Ғалымбаеваның туғанына 100 жыл толуына орай портрет кеш өтті.

Кешті кітапханашы Нағашыбаева Райхан жүргізді. Кешімізге өнерлі ұрпақ Абыл Тарақұлы атындағы өнер мектебінің сурет салу бөлімінің оқушылары мен мұғалімі Тазабекова Закира және "Арман", "Қайнар" аула клубтарының мүшелері  қатысты.Кеш барысында Айша Ғарифқызының өмірбаяны, еңбегі таныстырылды. Кітапханамыздың «Өнер» бөліміндегі кітап қорынан Айша Ғалымбаеваның шығармалар жинағы, альбомдардан репродукциялар көрсетілді. А.Ғалымбаеваның шығармалары – тақырыптық суреттер, портреттер, қазақ әйелдерінің образы, натюрморт, әсем табиғатқа негізделген, сонымен бірге «Махаббат туралы аңыз», «Шабандоз қыз» атты фильмдерге эскиз жасаудағы еңбегі атап өтілді.

Тұрмыстағы құбылыс, қолмен жасалған ағаш үйдің ішіндегі бар дүниеге А.Ғалымбаеваның бала кезінен тамашалап, қызықтырған дүниелері  екенін атап өтіп, міне сол қызығушылықтан туған әр түрлі өрнектер -  оның «Қазақтың ұлттық киімдері» альбомын топтастыруға алып келгені айтылды. Өзіміздің тарапымыздан келген тыңдарманды қызықтырып, өздері қолымен сол оюды қиюларына мүмкіндік берілді.

«Мұраға қалмағанның бәрі қауқарсыз дүниелер» деп Ницше айтқандай,  біз Айша Ғалымбаеваның бізге қалдырған мұрасын осы кеште тамашаладық.



18 тамыз күні өнер бөлімінің үйымдастырумен Қазақстанның халық артисі, биші   ...

Жаңалыққа өту  

Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы (швед. Nobelpriset i litteratur) — жыл сайын әдебиет ...

Жаңалыққа өту  

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің  өнер секторында «Өнер өріндегі өр ...

Жаңалыққа өту  

11 тамыз күні балалар бөлімінде "Балалар бейнелеген ЭКСПО - 2017" атты сурет сайысы ...

Жаңалыққа өту  

Балалар демалыс лагерінен басқа ауыл тұрғындарына жүрмелі ақпараттық қызмет ...

Жаңалыққа өту  

"Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам, Қараңғылықтың көгіне күн ...

Жаңалыққа өту  

"Балдәурен" балалар лагерінің үшінші жаңа маусымына келген балаларға жаңа ...

Жаңалыққа өту  

Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасына жеке автордан ...

Жаңалыққа өту  

"Ауыл" Халықтық-Демократиялық Патриоттық партиясы Маңғыстау облыстық филиалы ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу