«Ана тілім – мәңгілік елдің мұрасы»
Маңғыстау облыстық кітапханасында ана тілінің терең тарихы мен қазіргі дамуын, сондай-ақ тіл білімінің іргетасын қалаған ұлы тұлғалардың мұрасын жан-жақты көрсетуге бағытталған «Ана тілім – мәңгілік елдің мұрасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Шара барысында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының тіл біліміне қосқан ерең еңбегі туралы сөз қозғап, оның қайраткерлік тұлғасы, шығармашылығы таныстырылды. Сонымен бірге «Сөз құдіреті – тіл ғажабы» атты кітап көрмесі арқылы кітапхана қорындағы тіл, әдебиет және ұлттық құндылықтарға арналған әдебиеттер насихатталып, қатысушыларға таныстырылды.
Шараға 200-ден астам адам қатысты: Маңғыстау облыстық сот қызметкерлері, Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, «Меридиан» және Өнер колледжі студенттері, Этнос өкілдері мен қоғам қайраткерлері, Қазақстан Ұлттық банкінің Маңғыстау филиалының қызметкерлері қатысты. https://www.instagram.com/mangystau_kitapkhana/reel/Dc24QaUotIc/
21 мамыр күні Маңғыстау облыстық кітапханасының Өлкетану бөлімінде журналист, ...
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Маңғыстау облыстық Қазақ Зағиптар ...
XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін қызмет көрсету ...
Биылғы жылы Маңғыстау облыстық кітапханасында «10 жаңа еңбек – 10 жаңа рухани ...
4-маусым күні Маңғыстау облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен "Бір өлке - бір ...
Биылғы жылдың мамыр айында Маңғыстау облыстық кітапханасында түрлі ...
КІТАПХАНА КЛУБТАРЫ МЕН ҮЙІРМЕЛЕРІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ! «Бастау» дамушы ортасы. ...
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында, ...
Биылғы жылдың 1 сәуір күні Ақтау қаласы 11 шағын аудан 16 үйде №2 қалалық балалар ...
Ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер ...

























