«Қазақ өнерінің қайталанбас тұлғасы»
23 ақпан күні оқу залында халық әртісі, актриса Хадиша Бөкееваның туғанына 100 жыл толуына орай «Өнер» бөлімі тарапынан ұйымдастырылған «Қазақ өнерінің қайталанбас тұлғасы» атты портрет кеш өтті.Кешіміздің қонағы болып сценарист-драматург Жәнібек Әлікен, театр және кино актері, ҚР-ның мәдениет қайраткері Нартай Сауданбекұлы, эстрада жұлдызы, әнші, копозитор, сатирик Құрмаш Махан және прозайк, театр және кино актері, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбаев, сонымен бірге Маңғыстау облыстық Н.Жантурин атындағы музыкалық-драма театрының актрисалары Бейсенбина Анар, Эльмира Шаңытбайқызы қатысты.Ал кешіміздің көрермені №9 орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен Ақтау қалалық шет тілі колледжі студенттері болды.Кеш барысында актриса Хадиша Бөкееваның актерлік қырының сан түрлілігі және сомдалған образдарының мәнері ашылды. Экран бетінде Хадиша Бөкеева атты деректі фильмнен үзінді көрсетілді.Жиналған жастар, оқушы қауымы өнер иелеріне, актерлерге жан-жақты қонымды сұрақтар қойып, қызу пікір-талас өтті.Біздің алдымызда, жанымызда сонау екінші дүниежүзілік соғысының батыры, аға лейтенант Қасым ролін сомдаушы актер Қуандық Қыстақбаевтің болғанын мақтаныш етеміз.
Театр әлемінен тамаша актерлік кәсіп туралы сыр шерткен Нартай Сауданбекұлының жауабы оқушы және студент қауымының көңілінен шықты.Ал драматургия саласы бойынша қойылған сұрақ көпшіліктің өнер деген ұғымын, алға самғатып тіптен жиналған қауым арасынан болашақ актерлер қатарын толтырушылар бар екенін көрсетті. Қонақтарымыз өнер майталмандары актерлік мамандықтың сара жолын, жеңіске жетудегідегі ізденіспен кездесер қиындықтардан мойымауға жетеледі. Актерлермен қатар отырып жүзбе-жүз әңгімелесу жастар мен кітапхана қызметкерлеріне қуаныш пен мақтаныш сезімін қатар сыйлады.
Бір аптаға созылған балалар кітабы апталығының бүгін қорытынды шарасы өтті. ...
Балалар бөлімінің қызметкерлері балалар кітабы мерекесі мен қайырымдылық ...
Жыл сайын 2-сәуір балалар кітабы мерекесі апталықтармен аталып өтеді. Апталық ...
Дүниежүзілік өзекті мәселеге айналған терроризм, эстремизм туралы мәселелер ...
ХҮІІІ ғасырда Маңғыстау өлкесінде Адайлардың түпкілікті қоныстана бастауында ...
Ақбөбек-Қайып оқиғасы Маңғыстау жұртшылығына жақсы таныс. Ол жөнінде мың ...
"Кітап қорын сақтау" бөліміне келген жаңа кітаптармен таныстыру барысында. ...
Амал – жыл басы. Наурыздың 14-і күні есік ашатын бұл мерекенің тәрбиелік мәні ...
7 наурыз күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастырумен "Әйел- Ана ...
28 ақпанда Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының балалар бөлімі ...