«Сөйлейтін суреттер»
16-қыркүйек күні облыстық кітапханасының арнаулы кітапхана филиалының кітап қорына келіп түскен КСРО Журналистер Одағының және Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Сәкен Ғұмаровтың «Сөйлейтін суреттер» кітабына шолу жасалды.
Кітап Батыс Қазақстан облыстық және зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы басып шығарған. Негізгі мақсаты - зағип жандардың танымал суретшілердің суретін өздеріне қол жетімді әдіс арқылы тамашалауға мүмкіндік туғызу.
Басылымда Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Сәкен Ғұмаровтың, танымал суретші Бауыржан Валиевтің, Бекжан Жұмабаевтың, Мэлс Отаровтың, Жақсылық Нұрланұлының, Ясмина Серіктің қысқаша ғұмырбаяндары, өлеңдері, сурет туындылары берілген.
Басылымның «Дауыс құдіреті» картинасында таланттан сарқылмаған қазақ даласының біртуар ұлы – Димаш Құдайбергеновтың дауысының кең диапазоны, жоғары тембрі және бөлек ән өнеріне деген мейірімі мен махаббаты сурет арқылы беріліп тұрғандай, әншінің жан - тәнімен беріле ән айтып тұрған сәті бейнеленген.
Суреттердің бедерлі-графикалық нұсқасы, олардың сипаттамасы мен интерпретациясы үлкейтілген қаріпте және нүктелі-бедерлі қаріпте беріліп отыр.
Суреттердің сипаттамасын жасауда жасанды интеллект бағдарламалары қолданылған. Сондай–ақ, басылымның аудионұсқасы мен ведионұсқасы CD-дискіде қоса берілген.
https://www.instagram.com/zagiptar_kitapkhanasy_aktau/reel/DOx_xCYCBWu/
Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - ...
Арнаулы бөліміндегі шара. ...
15 қыркүйек күні балалар бөлімінін кітапханашысы Сағызбаева І. №9 орта мектебінің ...
15 қыркүйек күні, сағат 12-00-де оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында 22 ...
Жаппай кітап оқу азайып кеткен қазіргі заманда «буккроссинг» қозғалысын ...
18 тамыз күні өнер бөлімінің үйымдастырумен Қазақстанның халық артисі, биші ...
Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы (швед. Nobelpriset i litteratur) — жыл сайын әдебиет ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің өнер секторында «Өнер өріндегі өр ...