Атаулы даталар
26 ақпан Оқу залы Қазақ хандығының 560 жылдығына «Қазақ хандығы – Ұлы дала мемлекеттерінің мұрагері» атты тарихи-танымдық сағаты өтті. Іс-шара барысында Қазақ хандығының қалыптасуы мен қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі туралы тарихи бейнебаян көрсетілді. Сондай-ақ Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында жарыққа шыққан «Қазақ хандығы» атты телесериалдан үзінді көрсетілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ хандығының тарихын , оның құрылу кезеңдерін, қазақ халқының тарихи оқиғаларын насихаттау, ұлттық сананы қалыптастыру. Қазақ хандығының мұрасын сақтау және ұрпақ санасынан патриоттық рух пен елге деген құрмет сезімін тәрбиелеу болып табылады.
27 ақпан Оқу залы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына «Соғыс туралы кітап айтады» атпен І жарты жылдық кітап көрмесін ұйымдастырды. Ұлы Отан соғысы – тек майдан даласындағы ерлік қана емес, сондай-ақ тылдағы ерлік, партизандардың жұмысы, әйелдер мен балалардың жеңіс жолындағы еңбегі. Өшпес даңқ пен қайсарлықтың, Отанға деген сүйіспеншілік пен жанқиярлық ерліктің үлгісіне айналған . Көрмеден орын алған жауынгерлердің батырлықтарын айқындайтын әдеби шығармалар мен өлеңдер, Жеңіс туралы жазылған ғылыми еңбектер мен Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер ғалымдардың естеліктерімен кітапхана оқырмандары мен келушілері танысты.
Мемлекет тарихы институты 2012 жылдан бастап «Ұлы дала тұлғалары» сериясымен ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...
"Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама" Маңғыстау "Мейірбике" медициналық ...
Мемлекеттік шекара қызметінің 25-жылдығына жасөспірімдер бөлімі Ақтау ...
28 маусым күні "Крал" мейрамханасында 6-шілде Астана күніне орай І Облыстық ...
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасына сәйкес ...
16 маусым күні ұстаз Ордалы Қосайдың "Кешені көрсін бүгінгі" атты оқырмандар ...
Жаз айы - балалар айы. Жазғы тынығу лагері балаларымен балалар бөлімінің жоспарлы ...
Бүгін, 15 маусым күні, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа ...