«Ішкі жан дүниеңнің сәулесі»
Жазушы Эльвира Жусупбекованың екі тілде шығарған «Ішкі жан дүниеңнің сәулесі», «Свет внутри тебя» атты кітабын және аудиокітабын Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана филиалына сыйға берді.
Бұл кітапта өмірде орындалмауы мүмкін емес ештеңенің болмайтыны, елдегі ғалымдардың инклюзивті қоғам үшін өмір сүруге маңызды, жаңа технологияларды қамтамасыз етулері және сенім мен махаббаттың адамға қара түнектің өзінде сәуле беретіні туралы шынайы оқиғаларды баяндаған.
Мұнда зағип қыз Жазираның терең ойға шабыт беретін әсерлі әңгімесі, басынан кешірген азапты күндері, үрейленген сәттері, қоғамның әділетсіздігі туралы айтыла келе, нәтижесінде адамның ең алдымен өзіне деген мықты сенімнің өмірді қалай өзгерте алатыны туралы баяндалады.
Кітапта жеке тағдырмен қатар, қоғамдағы инклюзия, заманауи технологиялар және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мәселелері де қозғалған.
Авторы адамның ішкі жарығы мен сенімі кез келген сыртқы шектеуден күшті екенін көрсетті.
Кітапханаға келіп, кітапппен танысуға шақырамыз!
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің өнер секторында «Өнер өріндегі өр ...
11 тамыз күні балалар бөлімінде "Балалар бейнелеген ЭКСПО - 2017" атты сурет сайысы ...
Балалар демалыс лагерінен басқа ауыл тұрғындарына жүрмелі ақпараттық қызмет ...
"Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам, Қараңғылықтың көгіне күн ...
"Балдәурен" балалар лагерінің үшінші жаңа маусымына келген балаларға жаңа ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасына жеке автордан ...
"Ауыл" Халықтық-Демократиялық Патриоттық партиясы Маңғыстау облыстық филиалы ...
Мемлекет тарихы институты 2012 жылдан бастап «Ұлы дала тұлғалары» сериясымен ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...