Арнаулы кітапхана филиалындағы клубтар мен үйірмелер жұмысы
Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған филиалында жүргізілетін үйірмелердің жұмысы жөніндегі мәлімет:
Арнаулы кітапхана филиалында 4 үйірме жұмыс жасайды. 3 үйірмені қоғамдық қызметкер жүргізеді, 1 үйірмені ерікті оқырман жүргізеді:
2022 жылы үйірмелер қатарына қазақ тілінің мәртебесін арттыру мақсатында, орыс тілді оқырмандар мен басқа ұл өкілдеріне қазақ тілін насихаттау, үйрету мақсатында «Тіл - достықтың алтын көпірі» атты үйірме іске қосылды. Үйірмені қоғамдық қызметкер, І топтағы көз мүгедегі: Жалғасбаев Алпысбай мырза жүргізеді.
"Шектеусіз мүмкіндік» компьютерлік сауаттылыққа үйрету. Жүргізетін: 1 топтағы көз мүгедегі Петренко Наталья.
Мақсаты: Зағип оқырмандарды ДК - мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғылары – процессормен, ЖЖҚ - мен таныстыру. Үйірменің уақыты: Әр аптаның сейсенбі күні болады.
«Саусақ ұшындағы әлем» брайль жүйесімен оқып-жазуға үйрету үйірмесі. Жүргізетін: 1 топтағы көз мүгедегі Кусайынова Саида. Мақсаты: І және ІІ топтағы көз мүгедектеріне Брайль жүйесін үйрету; Зағип пайдаланушылармен жеке жұмыс; Брайль оқуын насихаттау мақсатында Брайль жүйесінде жазу және оқу байқауларын өткізу; Брайльдық әдебиеттерді оқуға баулу. Үйірменің уақыты: Әр аптаның бейсенбі күні болады.
«Әлемдегі қызықтар...» үйірмесі, жүргізетін кітапханамыздың тұрақты оқырманы Муравенко Валентина. Мақсаты: Көз жанарынан айы¬рылған адамдарға газет, жур¬на묬дардан ақпараттар оқып, дауыс¬тап оқу сағаттарын өткізеді. Мерзімді басылымдар секторының тұрақты оқырмандары мен жастар арасындағы ақпарат алмасу, басылымдардағы тың мақалаларды сөз талқыға салу, ақпарат көздеріне жедел талдау жасау, жоспарға сай бірлесе кештер өткізу.
Үйірменің уақыты: Әр аптаның жұма күні болады.
23 ақпан күні оқу залында халық әртісі, актриса Хадиша Бөкееваның туғанына 100 жыл ...
Дүниежүзілік өзекті мәселеге айналған жастарды жат ағымдардан сақтандыру, ...
Жас ұрпақты патриоттыққа, елді сүюге тәрбиелеу шаралары оқырмандардың жас ...
2017 жылдың 17 ақпан күні Облыстық әмбебап кітапханасының оқу залында Халықаралық ...
Кітапханамыздың «Өнер» бөлімі тарапынан «Шертпе күйдің шебері» атты күйші Сүгір ...
9 ақпан күні Маңғыстау облыстық әмбебап кітапхана балалар бөлімінде Ақиық ақын ...
9 ақпан күні Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында 31 қаңтардағы Елбасымыз ...
10 ақпан күні Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы балалар бөлімі ...
Ақпанның 7-жұлдызында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ...
Бүгінгі күнде кітаптардың мұқабасы көркем безендірілген, сапалы қағазда ...