• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Халықаралық балалар кітабы апталығы аясында

Биылғы жылдың 1 сәуір күні Ақтау қаласы 11 шағын аудан 16 үйде №2 қалалық балалар кітапханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Айрықша маңызға ие мәдени шараға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіп, белгілі сатирик-жазушы, сазгер Ерекен Қорабаев, балалар ақыны әрі композитор Көмек Ыбырайұлы, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен жас оқырмандар қатысты.

Іс-шара барысында мектеп оқушылары өнерлерін ортаға салып, күй тартып, көркемсөз оқу арқылы өз шеберліктерін паш етті. Жас дарындардың өнері қонақтарға ерекше әсер сыйлап, мерекелік көңіл-күй қалыптастырды. Кітапхана қонақтары үшін арнайы ұйымдастырылған «Бір ел–бір кітап», «Жаңа кітаптар», «Мерейтой иелері», «Маңғыстау - дала рухының мекені», «Қазақстан – тарих пен тағылым» атты кітап көрмелері таныстырылып, көпшілік назарына ұсынылды.

Балалар кітапханасының кеңістігі толық жабдықталған. Мұнда балаларға арналған оқу залы, шығармашылық және танымдық іс-шаралар өткізуге арналған кеңістік, сондай-ақ ата-аналарға арналған арнайы бұрыш қарастырылған. 

Жаңа кітапхана филиалының ашылуы балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға кең мүмкіндік береді.




4 мамыр күні кітапханамыздың өнер бөлімінде Маңғыстау зергері  Оразов ...

Жаңалыққа өту  

26 сәуір күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде Қазақстанның Халық ...

Жаңалыққа өту  

25 сәуір күні, сағат 11-00-де кітапханамыздың оқу залында, оқырмандарға қызмет ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін, 19 сәуір күні кітапханамызда  23-сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық ...

Жаңалыққа өту  

17 сәуір күні кітапханамызда оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамызда жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен Ақтау қаласының ...

Жаңалыққа өту  

5 сәуір күні Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...

Жаңалыққа өту  

4 сәуір күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде қазақтың ұлы ...

Жаңалыққа өту  

Өміріндегі бар алтын мен асылдан, Кітап артық шуақ болып шашылған, Кітапханам - ...

Жаңалыққа өту  

2 сәуір - Халықаралық балаларға арналған кітап күніне орай  кітапханамыздың ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу