Кітапханадағы кездесу: Темір Мыңжас
2 желтоқсан күні конференц залында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қаламгер, ақын Темір Мыңжастың 70 жасына орай "Өмірін жырмен тербеткен" кездесу кеші өткізілді. Кешке облыс әкімінің орынбасары Ұ. Тналиев, Е. Іңірбай, Ө. Көшбай, Ү. Жәлеке сынды зиялы қауым өкілдері қатысты. Темір Мыңжас - өлке жұртшылығына белгілі ақын, журналист ретінде танымал. Ақынның "Бойтұмар", "Атамекен", "Жүрек сөзі", "Сені іздедім", "Аққайын жылап тұр", "Жыр бақыты", "Күншуақ" атты кітаптары және екі томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. 30-ға жуық ән мәтінінің авторы. Мұнан басқа ақын шығармалары "Қарлығаш", "Қос ішек - Струны души", "Бекет ата", "Дала данасы", "Жыр моншақ", "Кәусар бұлақ" сынды оннан астам ұжымдық жинақтарға, "Жыр маржаны" атты он томдық поэзия антологиясына енді.
23 ақпан күні оқу залында халық әртісі, актриса Хадиша Бөкееваның туғанына 100 жыл ...
Дүниежүзілік өзекті мәселеге айналған жастарды жат ағымдардан сақтандыру, ...
Жас ұрпақты патриоттыққа, елді сүюге тәрбиелеу шаралары оқырмандардың жас ...
2017 жылдың 17 ақпан күні Облыстық әмбебап кітапханасының оқу залында Халықаралық ...
Кітапханамыздың «Өнер» бөлімі тарапынан «Шертпе күйдің шебері» атты күйші Сүгір ...
9 ақпан күні Маңғыстау облыстық әмбебап кітапхана балалар бөлімінде Ақиық ақын ...
9 ақпан күні Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында 31 қаңтардағы Елбасымыз ...
10 ақпан күні Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы балалар бөлімі ...
Ақпанның 7-жұлдызында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ...
Бүгінгі күнде кітаптардың мұқабасы көркем безендірілген, сапалы қағазда ...