Тәуелсіздік туы, желбіре!
12 желтоқсан күні кітапханамыздың балалар бөлімінде "Тәуелсіздік туы, желбіре!" атты әдеби сазды кеш өтті. Кешке қаламыздағы № 8 мектептің 4 "а", "б " сынып оқушылары және №15 мектептің 5 сынып оқушылары қатысты. Балаларға Тәуелсіздік туралы мағлұмат беріліп, оқушылар өздері дайындап келген " Ата = бабам аңсаған тәуелсіздік" атты көрінісін көрсетті. Тәуелсіздік туралы өлеңдерін оқып, әндерін шырқады. 15 мектептің оқушысы Қаржаубай Диляра Ғ. Құрманғалиевтің " Қазақстан " әнін домбырамен шырқап берді. Балаларға Желтоқсан оқиғасы туралы айтылып, Желтоқсан қаһармандарына арналған өлеңдері оқылды. "Мақтанышым - Тәуелсіз Қазақстан " атты кітап көрмесі жасақталып, балаларға таныстырылды. Кеш жүргізушісі: кітапханашы Күланда Хасанова.
10-маусым жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні Ақтаудағы «Өрнек» сән үйінің ...
Биыл Ел рәміздерінің қабылданғанына 25-жыл. Кеште қатысушыларға мемлекеттік ...
Биыл саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні, яғни кінәсіз зардап шеккен ...
Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен "Мемлекеттік рәміздер -ел мерейі" атты ...
Бүгінгі күні қоғамда қызу талқыланып жатырған бағыттың бірі-латын әліпбиіне ...
24 мамыр күні «Өнер» бөлімінде «Қыл қаламның анасы» атты қазақ қыздарының ішінен ...
Балалар бөлімінде Ақтаудағы және Мұнайлы ауданы Маңғыстау-4 елді мекеніндегі ...
Көптен күткен Сабыр ағамыздың кешінен шықтық. Айта жүрер әдемі кеш болды. ...
Сыршыл ақын Исраил Сапарбайдың туғанына 75-жылдығына жыр кеші өтіп жатыр. ...