"100 кітап, 100 қазына"
"100 кітап" жобасы аясында Мұнайлы ауданның кітапханаларында түрлі форматта іс-шаралар өткізілді.
24 қыркүйек күні Қызылтөбе ауылдық кітапханасында жаңа оқырмандар арасында кітапханаға саяхат ұйымдастырылып, танымдық «сұрақ-жауап» өткізілді, тұрақты көрмелер таныстырылып шолу жасалды, кішкентай оқырмандарға арналып «Ертегілер әлемі» таныстырылды.
Баянды ауылдық кітапханасында «Кітап – ұлттың жады» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Басқұдық ауылдық кітапханасында «Кітап тайм» ашық есік күні өтті. Шараға келген оқырмандар түрлі жанрдағы көркем шығармалармен, танымдық әдебиеттермен және заманауи қаламгерлердің еңбектерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шара барысында қатысушыларға кітап оқудың пайдасы, оқу мәдениетін қалыптастырудың маңызы және уақытты тиімді пайдаланудың жолдары жөнінде кеңестер берілді. Сонымен қатар, «Таңдаулы 100 кітап», «Бір ел – бір кітап» атты мазмұнды көрмелер ұйымдастырылып, оқырмандар сүйікті кітаптары жайлы әсерлі әңгімелерін ортаға салды.
25 қыркүйек күні Фариза Оңғарсынова атындағы аудандық орталық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық жазушысы, қоғам кайраткері, ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған I аудандық «Жыр жауһары» өнер фестивалі өтті. Аталған шараға Мұнайлы аудандық орталық кітапхана қорындағы кітаптардан кітап көрмесі жасақталды. Кітап көрмесінің негізгі бағыты «Жүз кітап – жүз қазына» акциясы аясында ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне Фариза Оңғарсыноватың көп томдық шығармалар жинағы, «Дауа», «Шілде», «Таңдамалы» және тағы басқа кітаптары мен мерзімді баспасөз басылымдары, дәйек сөздер оқырмандар назарына ұсынылды.
15 қыркүйек күні, сағат 12-00-де оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында 22 ...
Жаппай кітап оқу азайып кеткен қазіргі заманда «буккроссинг» қозғалысын ...
18 тамыз күні өнер бөлімінің үйымдастырумен Қазақстанның халық артисі, биші ...
Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы (швед. Nobelpriset i litteratur) — жыл сайын әдебиет ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің өнер секторында «Өнер өріндегі өр ...
11 тамыз күні балалар бөлімінде "Балалар бейнелеген ЭКСПО - 2017" атты сурет сайысы ...
Балалар демалыс лагерінен басқа ауыл тұрғындарына жүрмелі ақпараттық қызмет ...
"Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам, Қараңғылықтың көгіне күн ...


















