• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

”БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ АТА-АНА"

14 қыркүйекте  "Мейірбике" жоғары медициналық колледжінің  мәжіліс залында "Маңғыстау Руханият" қоғамдық қорының мұрындық болуымен колледж əкімшілігінің қолдауымен Отбасы күніне орай "Баланың бас ұстазы  - ата ана" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  Аталмыш шараға Ақтау қаласы əкімдігінің аналар кеңесінің мүшесі, қоғам белсендісі Райса Маденова, Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау әмбебап кітапханасының бөлім басшысы Гүлшат Сәрсенбаева, Германиядағы Кеңес əскерінің тобы жəне Варшава келісім шарты əскерлерінің тобы республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының мүшелері Жүсіп Мырзағали мен Узақ Дүсенбай жəне колледж студенттері мен ұстаздары қатысты.  Жиында ұлағатты рухани бағыттағы əңгімелер айтылды. Ұстаз Райса Иванқызы өзінің өнегелі өмір жолын жастарға жан жақты таныстырды. Гүлшат Сәрсенбаева да атақты жазушы Зейнеп Ахметованың кітаптарындағы ұлағатты тұстарын ортаға салды.  Ардагер ағалар да өздерінің тағдыр жолын айтып өтті. Жиын барысында жастар өздерінің сауалдарын қойып тұщымды жауаптарын алды. Жиынды ұйым төрағасы Аллаберген Қонарбаев жүргізіп отырды. Шара аясында отбасыға қатысты белгілі жазушылардың шығармалары қойылған кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Шара жоғары дәрежеде өтті. #отбасымбайлығым #отбасықұндылықтары #кітапоқудыңпайдасы #отбасыжәнекітапхана 



Ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген ...

Жаңалыққа өту  

7 Сәуір-Дүниежүзілік денсаулық күніне орай жасөспірімдер бөлімінің ...

Жаңалыққа өту  

2  сәуір- Халықаралық  балалар  кітабы  күніне орай  балалар  бөлімінде  2- ...

Жаңалыққа өту  

Қазақтың маңдайына біткен марқасқа ұлдарының бірі, Қазақстан Республикасының ...

Жаңалыққа өту  

  Биыл Елбасының жарлығымен 1-Наурыз -Алғыс  айту болып жарияланды. Осы күнге ...

Жаңалыққа өту  

Оқырмандарға  қызмет көрсету және жасөспірімдер бөлімімен бірлесе  отырып, ...

Жаңалыққа өту  

Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен Маңғыстау өлкесінің көрнекті ақыны, ...

Жаңалыққа өту  

20 ақпан күні балалар бөлімінде қазақтың ақиық ақыны Мұқағали  Мақатаевтың ...

Жаңалыққа өту  

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Ана тілің – арың бұл» атты ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу