• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Балалар кітабы апталығы басталды!

Жыл сайын 2 сәуір күні бүкіл әлемде Халықаралық балалар кітабы күні аталып өтіледі. Бұл күн балалар әдебиетінің маңызын арттыру, жас ұрпақты кітап оқуға баулу және жазушылардың еңбегін насихаттау мақсатында белгіленген. 

Аталған мереке датасының таңдалуы да кездейсоқ емес. 2 сәуір – әлемге әйгілі ертегі жазушысы Ханс Кристиан Андерсеннің туған күні. Оның шығармалары балалар әдебиетінің алтын қорына енген және бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. 

Балалар кітабы – жас ұрпақтың рухани дамуының негізі. Кітап арқылы бала қиялдауды, ойлауды, жақсылық пен жамандықты ажыратуды үйренеді. Сонымен қатар сөздік қорын байытып, дүниетанымын кеңейтеді. 

Осы мереке аясында Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының балалар бөлімінде оқырмандарымыз апта бойы кітаптың шығу тарихымен танысып, жаңа кітап көрмелерімен танысады және  қызықты іс-шараларға қатысы алады. . 

Балалар кітабы апталығы аясында Ақтөбелік ақын Ертай Ашықбаевтың 70 жасқа толуына орай «Балдай жыр балаларға» атты әдеби-сазды кеш өтті. Оқырмандарымыз ақынның өмірбаянымен, шығармашылығымен танысты. 

Ақын, сазгер Ерекен Қорабаевпен кездесу кешіне белсене қатысты. 

Балаларды апталық аясында өтетін басқа да қызықты іс-шараларда, ойындарда  күтеміз!

Халықаралық балалар кітабы күні тек мереке емес, әр ата-ана мен ұстазға үлкен жауапкершілік жүктейтін күн. Баланың қолына кітап беру – оның болашағына жол ашу деген сөз. Сондықтан әрбіріміз балаларды кітап оқуға баулып, олардың рухани бай, білімді болып өсуіне үлес қосуымыз керек. Қорытындылай келіп, кітап – баланың ең жақын досы. Ал балалар кітабы күні – сол достықты нығайтатын күн.




Жаппай кітап оқу  азайып кеткен қазіргі заманда  «буккроссинг» қоз­ғалысын ...

Жаңалыққа өту  

18 тамыз күні өнер бөлімінің үйымдастырумен Қазақстанның халық артисі, биші   ...

Жаңалыққа өту  

Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы (швед. Nobelpriset i litteratur) — жыл сайын әдебиет ...

Жаңалыққа өту  

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің  өнер секторында «Өнер өріндегі өр ...

Жаңалыққа өту  

11 тамыз күні балалар бөлімінде "Балалар бейнелеген ЭКСПО - 2017" атты сурет сайысы ...

Жаңалыққа өту  

Балалар демалыс лагерінен басқа ауыл тұрғындарына жүрмелі ақпараттық қызмет ...

Жаңалыққа өту  

"Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам, Қараңғылықтың көгіне күн ...

Жаңалыққа өту  

"Балдәурен" балалар лагерінің үшінші жаңа маусымына келген балаларға жаңа ...

Жаңалыққа өту  

Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасына жеке автордан ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу