Еске алу кеші: Утежан Алшымбаев
Бүгін облыстық кітапханасында ҰОС ардагері, Жаңаөзен қаланың құрметті азаматы, мәдениет қайраткері Өтежан Алшымбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. Кеш барысында оқушылар Өтежан Алшымбаевтың шығармашылығынан және мерейтой иесіне арнаған арнау өлеңдерін оқыды. Шара аясында Өтежан Алшымбаев туралы кітаптар мен фото- суреттер көрме ұйымдастырылды. Экраннан Өтежан Алшымбаевтың жастық шағы, қызметке келуі, шығармашылығы, өнерге құштарлығы мен елге сіңірген еңбегіне шолу көрсетілді.
"Қандай деңгейде, қай лауазымда еңбек етсе де Өтежан Алшымбайұлы мансап қумайтын, өмір ағымына сай қарапайым азамат екендігін көрсетті. Қандай жұмыс саласы болса да, ол халықтың ризашылығын алды, қолынан келгенше адамға жақсылық жасауға талпынды. Жақсының артында өнеге, азаматтық кейпі қалады. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен ел ағасы қызметін халқына арнады. Оның кескін-келбеті ел жадында уақыт өткен сайын биіктей береді. Өтежан Алшымбайұлының өмір жолы, еңбек жолы – кейінгі ұрпақтар үшін өшпес өнеге, үлкен ұлағат!" Айбек Қосуақов
Кешке үздік өлкетанушы, мемлекеттік қызмет ардагері Алқажан Еділхан, мемлекет және қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбай, тарихшы, сәулетші Сайын Назарбекұлы қатысты.
Ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген ...
7 Сәуір-Дүниежүзілік денсаулық күніне орай жасөспірімдер бөлімінің ...
2 сәуір- Халықаралық балалар кітабы күніне орай балалар бөлімінде 2- ...
Қазақтың маңдайына біткен марқасқа ұлдарының бірі, Қазақстан Республикасының ...
Биыл Елбасының жарлығымен 1-Наурыз -Алғыс айту болып жарияланды. Осы күнге ...
Оқырмандарға қызмет көрсету және жасөспірімдер бөлімімен бірлесе отырып, ...
Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен Маңғыстау өлкесінің көрнекті ақыны, ...
20 ақпан күні балалар бөлімінде қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Ана тілің – арың бұл» атты ...