Кітапханадағы кездесу: Темір Мыңжас
2 желтоқсан күні конференц залында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қаламгер, ақын Темір Мыңжастың 70 жасына орай "Өмірін жырмен тербеткен" кездесу кеші өткізілді. Кешке облыс әкімінің орынбасары Ұ. Тналиев, Е. Іңірбай, Ө. Көшбай, Ү. Жәлеке сынды зиялы қауым өкілдері қатысты. Темір Мыңжас - өлке жұртшылығына белгілі ақын, журналист ретінде танымал. Ақынның "Бойтұмар", "Атамекен", "Жүрек сөзі", "Сені іздедім", "Аққайын жылап тұр", "Жыр бақыты", "Күншуақ" атты кітаптары және екі томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. 30-ға жуық ән мәтінінің авторы. Мұнан басқа ақын шығармалары "Қарлығаш", "Қос ішек - Струны души", "Бекет ата", "Дала данасы", "Жыр моншақ", "Кәусар бұлақ" сынды оннан астам ұжымдық жинақтарға, "Жыр маржаны" атты он томдық поэзия антологиясына енді.
Ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген ...
7 Сәуір-Дүниежүзілік денсаулық күніне орай жасөспірімдер бөлімінің ...
2 сәуір- Халықаралық балалар кітабы күніне орай балалар бөлімінде 2- ...
Қазақтың маңдайына біткен марқасқа ұлдарының бірі, Қазақстан Республикасының ...
Биыл Елбасының жарлығымен 1-Наурыз -Алғыс айту болып жарияланды. Осы күнге ...
Оқырмандарға қызмет көрсету және жасөспірімдер бөлімімен бірлесе отырып, ...
Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен Маңғыстау өлкесінің көрнекті ақыны, ...
20 ақпан күні балалар бөлімінде қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Ана тілің – арың бұл» атты ...