Әдеби – музыкалық қонақжайымызда...
15 қазан күні Өнер бөлімі «Екі өмір,екі тағдыр» атты әдеби – музыкалық қонақжайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнүранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері Ж.Нәжімеденовтың туғанына 80 жыл және композитор,Қазақстанның халық әртісі Ш.Қалдаяқовтың туғанына 85 жыл толуына орай кеш ұйымдастырылды.
Қонақжайымыздың сыйлы қонағы етіп ҚР мәдениет қайраткері, Маңғыстаудын бірінші кәсіби әншісі Нұрияш Оспанованы шақырылды. Сонымен қатар кешке Маңғыстау гуманитарлық колледж студенттері,Маңғыстау өнер колледжінің «Хореография», «Хор дирижері», «Ән салу», «Домбырамен ән салу» бөлімдерінің студенттері мен Дүние жүзі музыка әдебиеті пәнінің мұғалімі Джумашева Рабиға, кітапханашы Круглова О.,№6656 әскери бөлімінің сарбаздары да қатысты. «Ақтау ақпарат» телеарнасы, «Маңғыстау» газетінің тілшілері де қатысты.Қонақжайымызда поэзия мен музыка әлемін ұштастырғандықтан ақын Ж.Нәжімеденовтың өлеңдері,композитор Ш.Қалдаяқовтың әндері шырқалды. Кеш қонағы әнші Н.Оспанова және кешке қатысушылар бірігіп Ш.Қалдаяқовтың бірнеше әнін орындады. Өнер бөлімінің кітапханашысы Нағашыбаева Р. ақын Ж.Нәжімеденовтың , Ш.Қалдаяқовтың өмірбаянын тартымды баяндап берді, екеуінің ортақ туындысы «Менің Қазақстаным» әнінің шығу тарихымен таныстырды. Ш.Қалдаяқовтың – «Цыган серенадасы», «Арыс жағасында» әндерінің туу тарихымен таныстырылды. Ж.Нәжімеденов творчествосынан – Аспан шақырады кітабында ; әңгімелер,хикаяттар,мақалалары жарияланғанын қысқаша атап өтті. «Ей,жас өмір», «Тер», «Сымдар», «Шағыл», «Теңіз» өлеңдері оқылды.Кеш тартымды өтті.
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Ана тілің – арың бұл» атты ...
Жасөспірімдер бөлімі балалар бөлімімен бірлесе отырып «Атом жарылысының ...
Қазақстанның "Мәдени мұрасы" Мемлекеттік бағдарламасы «Мәдени мұра» ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің өнер секторында Ұлт тәуелсіздігінің ...
Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен "Өмірге құштар өр тұлға" атты №8 орта ...
24 желтоқсан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі өнер секторының «Ажур+» ...
11 желтоқсан күні жасөспірімдер бөлімінде 16 желтоқсан- Қазақстан ...
Жасөспірімдер бөлімі Каспий өңірі "Болашақ " колледжінің "ДО-15" тобының ...
Республикалық "Бір ел -бір кітап" акциясы бойынша биыл І. Есенберлиннің ...
Жасөспірімдер бөлімінде қазақтың ұлы ғалымы: шығыстанушы, этнограф, географ, ...