Маңғыстаудың төл тумасы
Маңғыстаудың төл тумасы, өз заманының көрнекті тұлғасы, Бейнеу ауданын алғаш басқарған басшылардың бірі- Дүйсембі Әріпов ағамыз биылғы қаңтар айында 85 жасқа толды. Оқырмандарға ағаның еңбек жолы, өнегелі істері Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында шараға қатысқан оқырмандарға жіліктеп жеткізілді. Қызмет барысында еліміздің көрнекті тұлғаларымен кездескені, заманның заңғары Әбіш Кекілбаевтың ұстазы болғандығы, кадрлық қамқорлығы, Республика бойынша алдыңғы аудандар қатарында қызмет атқарғаны бәрі-бәрі жастарға сабақ ретінде айтылды. Оқырмандар өз кезегінде мерейтой иесіне арналған өлеңдер оқып, өнерлерін көрсетті. Қолынан қаламы түспеген Дүйсембі ағаның жады әлі мықты, көрген-білгендерін кейінгі ұрпаққа даналық кітап етіп қалдыру үстінде. Жақында жаңа кітаптарының тұсауы кесілмекші. Айтары көп ағамызға Алланың берген ғұмырын жасай беріңіз деп зор денсаулық тілейміз!
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Ана тілің – арың бұл» атты ...
Жасөспірімдер бөлімі балалар бөлімімен бірлесе отырып «Атом жарылысының ...
Қазақстанның "Мәдени мұрасы" Мемлекеттік бағдарламасы «Мәдени мұра» ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің өнер секторында Ұлт тәуелсіздігінің ...
Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен "Өмірге құштар өр тұлға" атты №8 орта ...
24 желтоқсан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі өнер секторының «Ажур+» ...
11 желтоқсан күні жасөспірімдер бөлімінде 16 желтоқсан- Қазақстан ...
Жасөспірімдер бөлімі Каспий өңірі "Болашақ " колледжінің "ДО-15" тобының ...
Республикалық "Бір ел -бір кітап" акциясы бойынша биыл І. Есенберлиннің ...
Жасөспірімдер бөлімінде қазақтың ұлы ғалымы: шығыстанушы, этнограф, географ, ...