• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

«Book club»

   Облыстық кітапханасының Шетел әдебиеттері залында  шілде, тамыз және қыркүйек айларында ағылшын тілінде  «English speaking club» пен «Book club» және қазақ тілінде сөйлесу, француз тілін үйрену курстары өз жұмыстарын жалғастырып өткізді. 

    Ағылшын  тілінен «English speaking club» үйірмесі барысында белгілі бір тақырыптарға байланысты сұрақтар қойып, бір-бірімен ойларын бөлісіп, аудио тыңдау арқылы  практика жүргізіп, бейнежазбалар көрсетіледі. Әртүрлі тапсырмалар мен сұрақтар беріліп, сол тақырыпта әңгіме айтып және жауап беру арқылы  ағылшын тілінде сөйлеседі. Үйірме аптасына бір рет өткізілді. Жетекші Мисук Ли. 

   Тамыз айында басталған ағылшын тілінен «Book club» үйірмесінде қатысушылар ағылшын тіліндегі кітаптарды оқып-түсініп, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Бір айда бір кітап таңдалып бірге оқылды. Үйірменің жетекшісі Құдайбергенқызы Арайлым. 

      Француз тілін үйрену барысында қатысушылар француз тілінде бастапқы деңгейде сөйлеу, оқу, жазу және әліпбиін үйренді. Француз тілі курсының жетекшісі Исхаков Асхат. Курс аптасына бір рет өткізілді. 

    Тамыз айында басталған қазақ тілінде сөйлесу үйірмесі барысында  қатысушылар өз ойларын қазақ тілінде жеткізіп, пікір алмасу тәжірибесін жинақтап, сөздік қорын кеңейтіп, күнделікті тұрмыстық жағдайларда қазақ тілінде еркінірек сөйлеуге үйренді. Жетекшісі Құдайбергенқызы Арайлым. Үйірме аптасына бір рет өткізілді.

Кітапханаға кел! Бізбен бірге дамы!

 



Көптен күткен Сабыр ағамыздың кешінен шықтық. Айта жүрер әдемі кеш болды. ...

Жаңалыққа өту  

Сыршыл ақын Исраил Сапарбайдың туғанына 75-жылдығына жыр кеші өтіп жатыр. ...

Жаңалыққа өту  

Қоғамымызда мүжәлсіз жандардың да тең түрде ақпарат алуына жағдай жасалған. Көзі ...

Жаңалыққа өту  

Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған шаралар Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық ...

Жаңалыққа өту  

Адамзатқа зор қасірет әкелген қарғыс атқан соғыс туралы қаншама кинолар ...

Жаңалыққа өту  

4 сәуір күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында "Естелік кітап" ...

Жаңалыққа өту  

Өнер әдебиеттері бөлімінде ҚР еңбегі сіңген сәулетші, Шығыс елдері халықаралық ...

Жаңалыққа өту  

Қазақстан халқының бірлігі күні — Қазақстанда жыл сайын тойланатын ...

Жаңалыққа өту  

23- сәуір Бүкіләлемдік кітап мерекесі. Бұл күні авторлармен кездесіп жыр кешін ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу