“Тәуелсіздік - тәңірден келген тәтті сый”
Библиомарафон( ашық аспан аясында): “Тәуелсіздік - тәңірден келген тәтті сый” Қазақстанда 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған орай «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Аталмыш акция аясында «30 кітап - Тәуелсіздіктің 30 жылдығына» атауымен танымал қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік шығармасы жалпыхалықтық оқуға іріктелді. Міне, осы шара аясында Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы арнайы 30 кітап тізімі енгізілген буклет шығарып, кітап оқуға шақыру және насихаттау мақсатында қала халқымен ашық аспан аясында кездесу ұйымдастырып, буклеттер таратылды. Кітапсүйер қауым керемет белсенділік танытты.
Қарашаның 11-жұлдызында қазақтың ұлы ғалымы,XIXғасырдың екінші жартысында Қаз - ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында қазақ ақыны Ж. Молдағалиевтың ...
Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен №2201 әскери бөлімінде ақын, ағартушы, ...
Қазанның 20 жұлдызында «Өнер» секторында «Өнер» атты кестемен сурет тігу клубы өз ...
22 қазан күні оқу залында"Әруағыңнан айналайын Ер Бекет"атты әңгімеБекет атаның ...
Ақын, Қазақстан Халық жазушысы ,КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ж. ...
15 қазан күні Өнер бөлімі «Екі өмір,екі тағдыр» атты әдеби – музыкалық ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде 23 қыркүйек күні қалалық жастар ұйымы ...
Жасөспірімдер бөлімі Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылындағы №9 орта ...
Балалар бөлімінде 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай кеш ...