Ең жақсы сыйлық - кітап
Ең жақсы сыйлық - кітап
Бүгін Есенов университетінің профессоры Нағбду Қамарова Қ.Сыдиықұлы атындағы облыстық кітапханаға "Арыс" баспасынан шыққан жаңа еңбектерін сыйға тартты. "Фариза Оңғарсынова шығармаларының поэтикасы" атты монографиясы Фариза ақынның шығармаларын талдауға арналса, "Фаризатану" оқу құралы ЖОО "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы бойынша білім алушыларға арналған ақын туралы дәрістерден құралады. Оқу құралы соңында бақылау сұрақтары мен тест сұрақтары берілген.
Ал "Ф.Оңғарсынова шығармаларын оқыту" атты оқу-әдістемелік еңбек - орта мектептің мұғалімдеріне өте жақсы көмекші құрал. Аталған кітаптар ҚР БҒМ-ның гранттық қаржыландыру есебінен шығарылған. Авторға алда да мол табыс тілейміз.
Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған "Жаңа заманның шамшырағы - Қазақ мемлекет" ...