Кітапханаға саяхат
9 қаңтар күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының балалар бөліміне қаламыздағы 19 " Толағай" бала бақшасынан бір топ бала кітапханамен танысуға топ ете түсті. Балапандарға кітапханашылар кітапханаға саяхат жасатып, бүлдіршіндерге арналған әртүрлі кітаптармен таныстырып, ертегі кітаптардан үзінді тыңдатып, тетігін басқанда инновациялық қалам арқылы балаларға арналған әртүрлі дыбыс шығаратын " Даналық әліппесі" кітабымен таныстырды.
Балалар бөлімінде 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай кеш ...
Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған "Жаңа заманның шамшырағы - Қазақ мемлекет" ...