Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған кеш.
Мен бармаған қазақтың атырабы
Маған кел деп мазалап шақырады.
Мен баспаған қазақтың топырағы
Арманымдай алдымда жатыр ағып
Сәлем саған көрмеген жарандарым
Кешіріңдер кешіктім бара алмадым
Әр кәдеңе бір қонып ұшар едім
Әттең шіркін құс болып жаралмадым.
Маған кел деп мазалап шақырады.
Мен баспаған қазақтың топырағы
Арманымдай алдымда жатыр ағып
Сәлем саған көрмеген жарандарым
Кешіріңдер кешіктім бара алмадым
Әр кәдеңе бір қонып ұшар едім
Әттең шіркін құс болып жаралмадым.
Жоқ, өкінбе құдіретті ақын. Сен болмасаң да сенің рухың, сенің мәңгілік жырың халықпен бірге. Қазақтың бар атырабы тойлап жатыр! Өйткені, Мұқағали ақын қазақ жырының сал-серісі, ерке тотайы емес, жүрегіне азаматтық жүк арқалаған үлкен ой иесі.
8 ақпан күні жасөспірім бөлімінің үйымдастыруымен қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған сайыс өтті.
Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған "Жаңа заманның шамшырағы - Қазақ мемлекет" ...