Тілім менің - ғасырлардан аманат
Кітапханамыздың балалар бөлімінде 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне орай қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, халқымыздың кемеңгер ойшылы, Абылай ханның кеңесшісі, мемлекет және саясат қайраткері БҰХАР ЖЫРАУ ҚАЛҚАМАНҰЛЫНЫҢ 350 ЖЫЛДЫҒЫНА арналған "Тілім менің - ғасырлардан аманат" атты жырау толғауларынан сайыс өткізілді. Сайысқа № 6,9, 21 мектеп оқушылары қатысты. Оқушылар жырау толғауларын жатқа айтып, үздік айтқан балалар , әділқазылар шешімімен 1, 2, 3 -ші орындарға ие болып, алғыс хатпен, сыйлықтармен марапатталды.
Балалар бөлімінде 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай кеш ...
Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған "Жаңа заманның шамшырағы - Қазақ мемлекет" ...