«Өлеңім-өмірім»
19 қазан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында қазақ ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Х.Ерғалиевтың туғанына
100 жыл толуына орай
«Өлеңім-өмірім» атты
әдеби кеші өтті.
Қазақтың көрнекті абыз ақыны, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалидың туғанына биыл 100 жыл толды. Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгер ақын, туған әдебиетімізде жарты ғасырдан астам уақыт тер төккен асыл аға, арына дақ түсірмей өткен абыз ақын Х.Ерғали туралы «Өзегім толы ақ жалын» кітабында өте жақсы естеліктер берілген. Қазақтың мүйізі қарағайдай ақын-жазушылары Ә.Сәрсенбаев, С.Мәуленов, М.Әлімбаев, Ж.Молдағалиев, Қ.Аманжолов, Ә.Тәжібаев, М.Қаратаев, З.Қабдолов, С.Қирабаев, Ғ.Қайырбеков, Қ.Қайсенов, Ә.Кекілбайұлы т.б. естеліктерінен ақынның азаматтық, қайраткерлік тұлғасы анық көрінеді. Әбіш ағамыз өз естелігінде ақын туралы былай деп келтірген: «Бұл кісідей қазақтың керемет тілін аса жетік білетін жан кемде кем. Хамаң баяғы Қазыбек, Төле, Әйтеке билер тіріліп келіп қасында отырса да айылын жыймай айдындана ақтарыларына еш күмәнданбаймын. Қазақтың бүгінгі әдебиетінде қай заманға жіберсең, сол заманның тілімен мүдірмей сөйлеп кете алатын ділмарлардың аз емес екендігі анық. Солардың алдымен ауызға ілігер біреуі -Хамит Ерғалиев деп білемін». Өмірден өткен осындай ұлы адамдарды бүгінгі ұрпақтың есіне салып, шығармаларын дәріптеп отыру кітапхана жұмысының негізгі бағыты. Облыстық кітапханада осы мақсатта поэзия сағаты ұйымдастырылып, М.Биниязова жүргізді. Оқырмандар ақынның көптеген өлеңдерін жатқа орындады. Күй тартылып, ән айтылды. Кеш соңынан белсенді қатысқан оқырмандар алғыс хатпен марапатталды.
Тілшіміздің жинағы түрік тілінде жарық көрді “Маңғыстау” газетінің белді ...
30 наурыз күні облыстық кітапхана техникалық әдебиет бөлімінде "Табиғат әлемінің ...
30.03.23ж. Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында “Бір ...
16-наурыз күні кітапханамызда «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері»(1998), ...
2-наурыз күні Ш. Есенов Университеті және Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық ...
СЫЙЫНАР ЕМ, АНА ДЕГЕН ТӘҢІРГЕ... «Болмасын әйел назалы, Болмасын әйел ...
Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін ...
28-ақпан күні облыстық кітапхана өлкетану залында Өлкенің өркендеуіне өз үлесін ...
28-ақпан күні кітапханамызда ерекше іс-шара өтті. Ерекше дейтін себебіміз — ХХ ...
22-ақпан күні кітапханамыздың оқу залында Ислам әлемін крестшілер шабуылынан ...