КИБО - «Балдәурен» сауықтыру лагерінде
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Ақпараттық Қазақстан -2020» бағдарламасына сәйкес тұрғындарды ақпаратпен толыққанды қамтамасыз ету үшін кітапханада «Ақпараттық - кітапханалық қызмет көрсету жиынтық» (КИБО) кешенді машинасы стационардан тыс қызмет көрсетеді. Кешенді машинада ноутбук, ксерокөшірме, сканермен қатар интернетке шығуға мүмкіндік беретін спутниктік байланыс жүйесі орнатылған. Каникул күндері басталды. Оқушылар жаздық сауықтыру лагерлерінде демалыста. Бүгін «Балдәурен» сауықтыру лагерінде қызмет көрсетілді. Балаларға әлем көз тіккен «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы ақпараттық сағат және чемпион аталары - Әмин Тұяқов туралы әңгіме өткізілді. Әріптестік байланыс орнатып, балалар демалысын кітаппен ұштастырған «Дарын» білім беру орталығы ұжымына үлкен алғыс!!!
23 сәуір — Ұлттық кітап күні. Үкімет Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке «23 сәуір ...
26 ақпан Оқу залы Қазақ хандығының 560 жылдығына «Қазақ хандығы – Ұлы дала ...
Президентіміз 2025 жыл - Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. 21-ақпан күні ...
7 қаңтар күні әнші, актер, режиссер, ұлттық кәсіби театрдың негізін салушы ...
Облыстық кітапханасының фойесінде жыл басынан бастап республикалық акциясына ...
8-шілде күні облыстық кітапханасында «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» ...
«Кітап&кино» жобаның мақсаты: әдеби шығармалардың фильмге бейімделуімен және ...
Облыстық кітапхана жанынан көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға ...
Алматыда Ұлттық кітап күніне орай алғашқы республикалық кітапханалық хакатон ...
05.03.2025 ж. Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...