«Сезім сыры» кітабының таныстырылымы өтті
26 тамыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Журналистер Одағының және Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, сазгер, "Өнер" мекемесі жанынан құрылған "Асыл Мұра" халықтық фольклорлық ансамблінің жетекшісі, сазгер Қаракөз Кемерованың «Сезім сыры» атты жаңа жинағының салтанатты таныстырылымы өтті. Шара барысында сазгердің өмір жолы мен шығармашылығынан сыр шертетін арнайы бейнероликтер көрсетіліп, автордың өз орындауындағы әуезді әндері тыңдалды. Сондай-ақ дәстүрімізге сай шақырылған қонақтардан «қонақкәде» сұралып, кеш одан әрі әсем ән мен мағыналы сұхбатқа ұласты. Аталған еңбекте автордың нотасымен берілген жүрекжарды әндері мен балаларға арналған арнаулы туындылары топтастырылған. Тұсаукесерге шақырылған құрметті қонақтар — П. Сармурзина, С. Рзахметов, К. Ыбырайұлы және А. Зейілова арнайы қатысып, автордың шығармашылығына жоғары баға беріп, жылы лебіздерін білдірді. https://www.instagram.com/mangystau_kitapkhana/reel/DcgNEXPorj9/
21 қыркүйек күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің абонемент бөлімінде Ұлы жазушы, қоғам ...
Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - ...
Арнаулы бөліміндегі шара. ...
15 қыркүйек күні балалар бөлімінін кітапханашысы Сағызбаева І. №9 орта мектебінің ...
15 қыркүйек күні, сағат 12-00-де оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында 22 ...
Жаппай кітап оқу азайып кеткен қазіргі заманда «буккроссинг» қозғалысын ...
18 тамыз күні өнер бөлімінің үйымдастырумен Қазақстанның халық артисі, биші ...





















