Маңғыстаудың төл тумасы
Маңғыстаудың төл тумасы, өз заманының көрнекті тұлғасы, Бейнеу ауданын алғаш басқарған басшылардың бірі- Дүйсембі Әріпов ағамыз биылғы қаңтар айында 85 жасқа толды. Оқырмандарға ағаның еңбек жолы, өнегелі істері Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында шараға қатысқан оқырмандарға жіліктеп жеткізілді. Қызмет барысында еліміздің көрнекті тұлғаларымен кездескені, заманның заңғары Әбіш Кекілбаевтың ұстазы болғандығы, кадрлық қамқорлығы, Республика бойынша алдыңғы аудандар қатарында қызмет атқарғаны бәрі-бәрі жастарға сабақ ретінде айтылды. Оқырмандар өз кезегінде мерейтой иесіне арналған өлеңдер оқып, өнерлерін көрсетті. Қолынан қаламы түспеген Дүйсембі ағаның жады әлі мықты, көрген-білгендерін кейінгі ұрпаққа даналық кітап етіп қалдыру үстінде. Жақында жаңа кітаптарының тұсауы кесілмекші. Айтары көп ағамызға Алланың берген ғұмырын жасай беріңіз деп зор денсаулық тілейміз!
Ақпан айының 3-жұлдызында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде Әнші Нұрғали ...
Отанымыздың Тәуелсіздік мерекесіне тарту мақсатында 24 қараша күні өнер ...
16 қарашада облыстық кітапхана тарапынан КИБО кешенімен Мұнайлы аудандық №7 орта ...
Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың аса көрнекті ...
Биылғы жылы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліске 100-жыл толды. 26 қазан күні ...
21.10.2016 ж. Абай, Мұхтар, Шәкәрімнің кіндік қаны тамған ұлылар мекенінде туып өскен ...
19 қазан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында қазақ ақыны, ...
Өнер әдебиеттері бөлімінде "Өнер өріндегі өр тұлғалар" және "Жаңа кітаптар" ...
"Өрлеу" білім жетілдіру курсына келген ұстаздарға Маңғыстау облысының жеткен ...
16 қазан күні балалар бөлімі от тілді өр ақын Қасым Аманжоловтың 105 жылдығына ...















