Рахат Қосбармақ. "Маңғыстаудың арда ұлы"
30 қыркүйек күні кітапханамыздың Балалар бөлімінде жергілікті ақын, журналист
Рахат Қосбармақпен "Маңғыстаудың арда ұлы" кездесу кеші өтті. Кешке ІТ мектеп- лицей, 21,25 орта мектептің оқушылары тыңғылықты дайындықпен келіп, ақынның өлеңдерін оқыды. Ақынға өздерінің жүрек жарды сұрақтарын қойды. Қазіргі техниканың шарықтаған уақытында рухани байлық сыйлаған, əдемі əсер алатын кеш болды. Рахат ақын мен балалар арасындағы тартымды сұрақ- жауап, шығармаларын талдауы ақынның өзін таңқалдырды. Балаларды дайындаған ұстаздарға алғыс айтамыз.
Əдемі əзілдерімен, өлеңдерімен келген кеш қонағы Ерекен Қорабаевқа, Маңғыстаудың арда ұлы, ақын ұлы
Рахат Қосбармаққа шығармашылық табыс тілейміз.
Ақын, Қазақстан Халық жазушысы ,КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ж. ...
15 қазан күні Өнер бөлімі «Екі өмір,екі тағдыр» атты әдеби – музыкалық ...
Жасөспірімдер бөлімі Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылындағы №9 орта ...
Балалар бөлімінде 22 қыркүйек-Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай кеш ...
Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған "Жаңа заманның шамшырағы - Қазақ мемлекет" ...

















