"Кітапхана болашағы: цифрлық трансформация және жаңа технологиялар"
"Кітапхана болашағы: цифрлық трансформация және жаңа технологиялар" облыстық семинар өтті.
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасы мен Ақтау қалалық орталық кітапханасы бірлесе отырып, цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай "Кітапхана болашағы: цифрлық трансформация және жаңа технологиялар" тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырды.
Семинар барысында кітапхана ісіндегі цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктері талқыланып, "Libsystem.kz", цифрлы кітапхана жүйесі, "Қазақ тілінде көмікстер сөйлейді" жобасы, республикалық "Хакатон" тәжірибесі және "Болашақ кітапхана" тақырыптары бойынша баяндамалар ұсынылды.
Іс-шара кітапхана мамандарының кәсіби тәжірибе алмасуына, жаңа идеялар мен заманауи шешімдерді талқылауына мүмкіндік берді. Семинар соңында қатысушылар арасында «Quiz» кәсіби ойыны ұйымдастырылды.
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында "Маңғыстау облысы ...
Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және ...
Ақын, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген ...
7 Сәуір-Дүниежүзілік денсаулық күніне орай жасөспірімдер бөлімінің ...
2 сәуір- Халықаралық балалар кітабы күніне орай балалар бөлімінде 2- ...
Қазақтың маңдайына біткен марқасқа ұлдарының бірі, Қазақстан Республикасының ...
Оқырмандарға қызмет көрсету және жасөспірімдер бөлімімен бірлесе отырып, ...
Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен Маңғыстау өлкесінің көрнекті ақыны, ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Ана тілің – арың бұл» атты ...






















