"Қазақ" газетінің жарық көргеніне 110 жыл!
28-ақпан күні кітапханамызда ерекше іс-шара өтті. Ерекше дейтін себебіміз — ХХ ғасырдың басында "қазақ халқының көзі, құлағы һәм тілі" болған "Қазақ" газетінің шыққанына (02.02.1913 ж.) 110 жыл толып отыр. Бұл газеттің негізін қалаған А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ә.Бөкейханұлы сынды алаш арыстары еді.
Ахмет Байтұрсынұлы "Ұлды ұлша тәрбиелесең — ұл, құлша тәрбиелесең құл болмақшы" дейді. Бұл газеттің қазақ халқын, жаңа буын жас ұрпақты ұлша тәрбиелеуге қосқан үлесі зор деп білеміз.
Ата-бабаның ұрпаққа қылған қызметін түсініп, іс-шараға арнайы келген журналистер А.Орынбаеваға, М.Болжановаға, өнер көрсеткен А. Оңайбайұлына, Ә.Қарамұқановаға алғыс айтамыз.
Жақсының аты, ғалымның хаты өлмесін!
Steppe and World баспа үйінің басшысы Раиса Сайран Қадыр арнайы атбасын бұрып Қабиболла ...
Ең жақсы сыйлық - кітап Бүгін Есенов университетінің профессоры Нағбду ...
03-ақпан күні кітапханамыздың Оқу залында "Зобалаң жылдар, тәлкекті тағдыр" атты ...
09-ақпан күні кітапханамыздың техникалық әдебиеттер залында "Жер байлығы - ел ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облысына 50 жыл, ...
Биыл "Бір өлке -бір тұлға"-2023 өлкетану акциясы - әдебиеттерін насихаттау бойынша ...
24 қаңтар күні Қ.Сыдиықов атындағы әмбебап кітапханасында, Маңғыстаудың азаматы ...
Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған филиалында ...
Қазақстан Республикасының 2023 жылы еске алынатын күндері мен мерейтойлар ...
Құрметті оқырмандар! Шетел әдебиеттер залында тегін "ағылшын тілін үйрену" ...