Кітап – сарқылмас қазына, мәңгілік мұра
«100 кітап» жобасы аясында оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарды дәріптеу, қазақ әдебиетінің үздік шығармаларын кеңінен насихаттау, сондай-ақ «100 кітап – 100 қазына» жобасы арқылы жастардың оқу мәдениетін қалыптастыру және әлеуметтік желі арқылы көпшілікке жеткізу мақсатымен Ақтау қалалық орталық кітапханасы классикалық шығармалардан бастап, қазіргі заман авторларының туындылары енген «100 кітап» жобасы аясында оқуға ұсынылған ең үздік туындылар тізімін әлеуметтік желіге жариялады. Постпен қатар оқырмандар назарына арнайы бейнеролик ұсынылды. Бейнероликте кітаптардың мұқабалары, авторлары мен қысқаша сипаттамалары қамтылып, оқуға шақыру идеясы көрініс тапты. «100 кітап» жобасы аясында әлеуметтік желіде жүргізілген жұмыс жастардың кітап оқуға деген ынтасын арттыруға және әдеби мұраға деген құрметті қалыптастыруға ықпал етті.
Ақтау қалалық орталық кітапханасының №3 кітапхана филиалы Ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттай отырып, кітап оқу мәдениетін дамыту, кітапқа деген қызығушылықтарын, тіл байлықтарын арттырып, ой-өрістерін дамыту мақсатымен «100 кітап - 100 қазына» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмеге кітапхана қорындағы 100 кітаптың тізіміне енген әдеби шығармалар қойылды. Кітапхананың тұрақты оқырмандарына қазақ ұлттық көркем сөзінің алғашқы үлгілері ретінде қарастырылған ақын Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері», М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал», Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», С.Сейфулиннің «Асау тұлпар», Б.Момышұлының «Ұшқан ұя», Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» және т.б. тұлғалардың шығармаларына шолу жасалды.
Сонымен бірге №4,6,9,10 кітапхана филиалдары еліміздің әдеби мұрасын сақтау және дамыту, қазақстандық жазушылардың шығармаларын танымал ету, оқырмандардың кітапқа деген ынтасын оятып, оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем сөзге, әдеби мұраға деген қызығушылығын арттыру мақсатымен «100 кітап - 100 қазына» атты кітап көрмелерін ұйымдастырды. Кітап көрмесінде жалпыұлттық сауалнамаға сәйкес, отандық әдебиеттің ең танымал кітаптары тізіміне енген туындылар оқырман назарына ұсынылып, библиографиялық шолулар жасалды.
100 кітапты бірге оқиық, оқырман!
Жыл сайын кітапхана қорымен, кітапхана бөлімдерімен танысу мақсатымен қала, ...
Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырудың бір жолы – қызықты кітап ...
26-ақпан күні облыстық кітапханасы техникалық әдебиеттер бөлімінің ...
Әрбір халықтың рухани құндылығы – оның ұлттық мәдениетінің алтын қоры. Осындай ...
Облыстық кітапхана өлкеміздегі 69 кітапханаға әдістемелік орталық болып ...
Облыстық кітапханасының Балалар бөлімінде 22-қаңтар күні «Оқы, талқыла, досыңа ...
7 қаңтар күні Өнер бөлімі әнші, актер, режиссер, ұлттық кәсіби театрдың негізін ...
Жазушы Эльвира Жусупбекованың екі тілде шығарған «Ішкі жан дүниеңнің ...
2025 жыл - «Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында облыстық кітапханасының ...
Әрбір халықтың рухани құндылығы – оның ұлттық мәдениетінің алтын қоры. Осындай ...
























